Now Reading
Қазақстанда төрт мыңнан астам мүгедектігі бар жандар екі айдың ішінде жұмысқа орналастырылды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Қазақстанда төрт мыңнан астам мүгедектігі бар жандар екі айдың ішінде жұмысқа орналастырылды

Қазақстанда төрт мыңнан астам мүгедектігі бар жандар екі айдың ішінде жұмысқа орналастырылды

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов Қазақстанда мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру тетігі туралы айтты.

 

«Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының арнайы квотасы қарастырылған (ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде жұмыс орындары санының 2-ден 4 пайызға дейін). Ағымдағы жылдың 3 тоқсанында квота аясында 4,7 мың мүгедектігі бар адам жұмысқа орналастырылды. Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған жаңа ұлттық жобасында мүгедектігі бар адамдардың әлеуметтік жұмыс орындарына басым қатысуы көзделеді», — деп жазды Әлихан Смайылов депутаттық сауалға берген жауабында.

 

Оның айтуынша, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекске сәйкес мүгедектігі бар адамдар тегін медициналық көмек пен дәрілік заттардың кепілдендірілген көлеміне құқылы.

 

«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде 2021 жылға 61,9 млрд теңге көлемінде медициналық оңалту, оның ішінде мүгедектігі бар адамдарға көмек көрсету үшін шығыстар қарастырылған. Осыған байланысты жәрдемақыларды арттыруды кешенді түрде қарастыру қажет», — деп атап өтті Премьер-Министрдің орынбасары.

 

«Мүгедектігі бар адамдардың жағдайын жақсарту, бірінші кезекте, еңбекке қабілетті азаматтарды еңбек қызметіне тарту үшін жұмыспен қамту құралдарын дамытуға бағытталуы тиіс (тұрақты және уақытша жұмыс орындары, жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота бөлу, Кәсіпкерлік қызметті дамыту). Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда және Үкіметтің тұрақты бақылауында», — деп түйіндеді Ә.Смайылов.

+1
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×