Now Reading
ТЖ режимі — Қазақстанда кредиттер бойынша мерзімі өткен жағдайда айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептеуге тыйым салу енгізілді
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > ТЖ режимі — Қазақстанда кредиттер бойынша мерзімі өткен жағдайда айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептеуге тыйым салу енгізілді

ТЖ режимі — Қазақстанда кредиттер бойынша мерзімі өткен жағдайда айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептеуге тыйым салу енгізілді

Қазақстанда төтенше жағдай режимінің қолданылу кезеңінде кредиттер бойынша мерзімі өткен жағдайда айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептеуге тыйым салынды. Бұл туралы ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мәдина Әбілқасымова айтты.

ҚР премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсының сайтында хабарланғандай, Үкімет отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 11 қаңтарда Парламент мәжілісінде сөйлеген сөзінде берген тапсырмаларын орындау жөніндегі шаралар қаралды.

АРРФР төрағасы Екінші деңгейдегі банктердің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс туралы айтып берді.

Банк секторындағы жағдай тұрақты. Банктер үздіксіз қызметті қамтамасыз ету және халық пен бизнес үшін банктік қызметтердің толық тізбесін көрсету үшін меншікті капитал мен өтімділіктің едәуір қорына ие. Банктер капиталының жеткіліктілігі ең төменгі талаптардан үш еседен артық, өтімділік реттеуші мәндерден төрт еседен артық асып түседі.Мәдина Әбілқасымова

Ұлттық банкпен бірлесіп банктер өтімділігінің қосымша қорын құру бойынша жұмыс жүргізілуде.

Халық пен бизнесті қолдау үшін 11 қаңтарда агенттік төтенше жағдайды енгізу нәтижесінде зардап шеккен жеке және заңды тұлғалардың кредиттері бойынша төлемдерді кейінге қалдыруды ұсыну жөнінде бұйрық қабылдады. Төтенше жағдай кезеңінде кредиттер бойынша мерзімі өткен жағдайда айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептеуге тыйым салынды, сондай-ақ талап-арыз жұмысы тоқтатылды.

Мемлекет басшысының тұтынушылық кредиттеуді реттеу бойынша нақты және шұғыл шаралар қабылдау жөніндегі тапсырмасын орындау үшін агенттік мынадай шараларды іске асыратын болады.

Біріншіден, банктерді пруденциалдық реттеу шеңберінде жеке тұлғалардың тұтынушылық кредиттері бойынша тәуекелді-өлшеуді ұлғайту жолымен банктердің меншікті капиталының жеткіліктілігіне қойылатын талаптар арттырылатын болады.

2020 жылғы 1 қаңтардан бастап агенттік кредиттер бойынша борыштық жүктеме коэффициентін белгілегенін естеріңізге сала кетейін, ол қарыз алушының ай сайынғы табысы сомасының 50% — ынан аспауға тиіс. Тиісінше, қарыз жүктемесі мен несие бойынша сыйақы мөлшерлемесі неғұрлым жоғары болса, Банктің меншікті капиталына қойылатын талаптар соғұрлым жоғары болады. Бұл банктердің капиталына қысымды арттырады және тұтынушылық несиелендірудің шамадан тыс өсуін шектейді.Мәдина Әбілқасымова

Қарыз жүктемесінің коэффициентін есептеу күшейтілетін болады. Есептеуден қарыз алушыда тұрақты табыстардың болуын шынайы растау болып табылмайтын табысты айқындау өлшемшарттары алып тасталады.

Тәуекелге бағдарланған қадағалау шеңберінде банктер мен микроқаржы ұйымдарына қатысты жоғары тәуекелді тұтыну кредиттері бойынша қосымша шектеулер енгізу де қаралатын болады.

Екіншіден, үкімет әзірлейтін жеке тұлғалардың банкроттығы тетігі шеңберінде жеке тұлғалардың банктердегі және микроқаржы ұйымдарындағы, оның ішінде коллекторлардан өндіріп алуға берілген кредиттері бойынша проблемалық берешекті реттеу жөнінде шаралар қабылданатын болады.

Үшіншіден, агенттік жеке тұлғалардың кредиттері бойынша пайыздық мөлшерлемелерді реттеуді олардың шекті мәндерін төмендету, сондай-ақ қарыз алушы тарапынан кез келген комиссиялар мен төлемдердің кредиттері бойынша тиімді сыйақы мөлшерлемелерін есептеуге енгізу жолымен қосымша қатайтатын болады. Бұл жаңадан берілетін кредиттер бойынша халықтың борыштық жүктемесінің өсуін шектеуге мүмкіндік береді.

Оның айтуынша, Мемлекет басшысының елден капиталдың негізсіз шығарылуын шектеу жөніндегі тапсырмасын іске асыру үшін Агенттік Ұлттық банкпен және қаржы мониторингі агенттігімен бірлесіп, ағымдағы жылдың 10 қаңтарында трансшекаралық қаржы операцияларын жүргізуді бақылау шараларын күшейту туралы бірлескен бұйрық қабылдады.

Күдікті трансшекаралық операциялардың тізбесі, сондай-ақ қаржы мониторингі субъектілерінің клиенттерді тиісінше тексерудің күшейтілген шаралары бойынша іс-қимыл тәртібі белгіленді.Мәдина Әбілқасымова

Бұған дейін Қазақстанға АҚШ-та шоттары бар азаматтар туралы ақпарат қолжетімді болатыны хабарланған болатын.

 

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×