Now Reading
Ерекше қажеттіліктері бар оқушыларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетіледі
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Ерекше қажеттіліктері бар оқушыларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетіледі

Ерекше қажеттіліктері бар оқушыларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетіледі

ҚР Білім және ғылым министрі 2022 жылғы 12 қаңтардағы бұйрығымен Білім беру ұйымдарындағы психологиялық-педагогикалық қолдау Ережелерін бекітті.

 

Сонымен, психологиялық-педагогикалық қолдау мыналарды қамтиды:

 

ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдардың (балалардың) ерекше білім беру қажеттіліктерін анықтау және бағалау;

 

педагогтерге және ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар адамдардың (балалардың) отбасына консультациялық-әдістемелік көмек;

 

ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар адамдарды (балаларды) табысты оқыту, дамыту және әлеуметтендіру үшін әлеуметтік-психологиялық және педагогикалық жағдайлар жасау.

 

Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру деңгейлерінде психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді білім беру ұйымдарының педагогтері мен мамандары жүзеге асырады.

 

Атап өтілгендей, мүмкіндігі шектеулі балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді тәрбиешілер/педагогтар сабақ барысында, сондай-ақ арнайы білім беру қажеттіліктері мен психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялардың ұсынымдарын бағалау негізінде жеке, топтық және кіші топтық сабақтарды ұйымдастыру кезінде арнайы педагогтер, психологтар, әлеуметтік педагогтер, педагог-ассистенттер жүзеге асырады.

 

Психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу адамдардың (балалардың) білім алу қажеттіліктерін бағалау негізінде жүзеге асырылады.:

 

мінез-құлық және эмоционалдық проблемалары, қолайсыз психологиялық факторлары (отбасындағы тәрбиенің бұзылуы, бала-ата-ана және отбасы ішіндегі қатынастар);

 

әлеуметтік-психологиялық, экономикалық, тілдік, мәдени сипаттағы кедергілері бар (әлеуметтік қауіпті отбасылардан шыққан балалардың педагогикалық қараусыздығы, қоғамда бейімделу қиындықтары бар балалар (босқындар, көшіп-қонушылар, қандастар отбасылары);

 

даму мүмкіндіктері шектеулі (есту, көру, интеллект, сөйлеу, тірек-қимыл аппараты бұзылған, психикалық дамуы тежелген және эмоционалды-ерік бұзылулары бар).

 

Құжат 2022 жылғы 31 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

+2
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...