Атырауда мүмкіндігі шектеулі 23 мың адам арнайы құралдармен және қызметтермен қамтамасыз етілген.
Атырауда үкіметтік емес ұйымдармен мүмкіндігі шектеулі адамдардың әлеуметтік мәселелерін шешу мәселелері бойынша кеңес өтті. Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Азамат Мәмбетов қоғамдық ұйымдар мүшелеріне 2021 жылы атқарылған жұмыстар туралы айтып, ағымдағы жылға арналған жұмыс жоспарларымен бөлісті.
«Облыста мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жалпы саны 23 656 адамды құрайды, оның ішінде бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдар – 2011, екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар — 9 480, үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдар – 8 358, мүгедектігі бар балалар — 3 807», — деді басқарма басшысы.
Оның айтуынша, облыста 23 мыңнан астам мүгедектігі бар адамдар әлеуметтік қызметтер порталы арқылы оңалтудың техникалық құралдарының 55 түрі, санаторлық-курорттық емдеу, жеке көмекшінің және ымдау тілі мамандарының қызметтері алынды.
«Портал арқылы 16 434 өтініш қабылданды, оның ішінде 14 798 — қажетті құралдармен, тифлотехникалық, сурдотехникалық, гигиеналық, протездік-ортопедиялық қызметтермен қамтамасыз ету бойынша. Адамдардың басым көпшілігіне көмектесті», — деді Азамат Мәмбетов.
Оның мәліметінше, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында жыл басынан бері мүмкіндігі шектеулі жандарға 9 914 тасымал көрсетілді. Бүгінгі таңда облыста 22 инватакси қызмет көрсетеді. Биыл Атырау қаласында «қарттарға арналған белсенді ұзақ өмір сүру» орталығы ашылды, Алмалы ауылында балалар мен ересектерге арналған 150 орындық оңалту орталығының құрылысы басталды.
Басқарма басшысы сондай-ақ портал арқылы сатып алынатын санаторлық-курорттық емдеу, протездік-ортопедиялық көмек, техникалық көмекші құралдар, арнаулы жүріп-тұру құралдарының құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдендірілген соманың мөлшері өсіп келе жатқанын атап өтті.
Кеңес барысында үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері сұрақтар қойып, проблемалар туралы айтты. Олардың бірі-шипажайлық-курорттық емделуге тегін жолдамалар тек мүгедектігі бар адамдарға ғана қатысты, жеке көмекшіге жолдамалар қарастырылмаған. Сондай-ақ, ерекше адамдардың қажеттіліктері үшін арнайы әлеуметтік картаны әзірлеу және енгізу ұсынылды.