Қазақстанда орташа зейнетақы 105 мың теңгеден асады.
Еңбек министрлігінің ақпараты бойынша, 2022 жылдың қаңтарында республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 234,7 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалды. Оның ішінде базалық зейнетақыға 71,3 млрд теңге, ортақ зейнетақыға – 163,4 млрд теңге жұмсалды.
«2022 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (базалық зейнетақы төлемін ескере отырып) 105 291 теңгені құрады. Қазақстанда барлығы 2,2 млн-нан астам зейнеткер бар», — деп хабарлады ведомстводан.