Now Reading
Қазақстанда жастарға SMS арқылы жұмысқа орналасуға көмек көрсетіледі
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Қазақстанда жастарға SMS арқылы жұмысқа орналасуға көмек көрсетіледі

Қазақстанда жастарға SMS арқылы жұмысқа орналасуға көмек көрсетіледі

Қазақстанның Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі көмекке мұқтаж жастарды анықтау бойынша жаңа жүйені енгізуде.

 

«Көп жағдайда жастар жұмыспен қамту орталықтарына келмейді, оқыту бойынша сұрақтармен қызмет алуға жүгінбейді. Сондықтан біз әлеуметтік портрет бойынша көмекке мұқтаж, бірақ жұмысқа орналаспаған, оқымайтын, орталықтарға келмейтін адамдарды анықтауға мүмкіндік беретін «ерте анықтау жүйесі» ақпараттық жүйесін енгіземіз. Бұл тұлғаларға проактивті форматты қолданатын боламыз»,-деп хабарлады ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ержан Біржанов ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында.

 

Ол бүгінгі күнге дейін жұмыспен қамту орталықтары өтініш беру сипатындағы қызметтерді көрсетуге бағдарланған болса, жастар өздері келіп, тіркелсе, ағымдағы жылдан бастап өзара іс-қимылдың жаңа форматын енгізу жоспарланып отырғанын атап өтті.

 

«Біз мұндай тұлғаларды өзіміз анықтап, оларды смс-хабарламалар арқылы хабарлайтын боламыз, онлайн-режимде оларға оқудан өту, қысқа мерзімді курстардан өту немесе оларды қоғамдық жұмысқа тарту сияқты түрлі қызмет түрлерін көрсететін боламыз. Яғни, бізге келмейтін тұлғаларға жетуіміз керек», — деп түсіндірді спикер.

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...