Now Reading
Бизнес-идеяларды іске асыру үшін гранттар алуға өтінімдер қабылдау басталды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Бизнес-идеяларды іске асыру үшін гранттар алуға өтінімдер қабылдау басталды

Бизнес-идеяларды іске асыру үшін гранттар алуға өтінімдер қабылдау басталды

2022 жылғы 1 сәуірден бастап Мемлекет басшысының халықтың әл-ауқатын арттыру жөніндегі тапсырмасын және кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасын іске асыру шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін өтеусіз гранттар алудың бірінші легіне өтінімдер қабылдау басталды.

 

Өтінімдерді қабылдау «Business.enbek.kz» портал арқылы онлайн режимде жүзеге асырылады. 2019 грант беру жоспарланған: 1089 – жастар өкілдері үшін және 930 – халықтың әлеуметтік осал топтары үшін.

 

Өтінімдерді қабылдау 10 жұмыс күніне созылады, содан кейін аудандық/қалалық комиссия берілген өтініштерді қарайды. Комиссия отырыстарында үміткерлер өздерінің бизнес-жобаларын таныстыратын болады. Өтінім берілген күн комиссияның шешіміне әсер етпейді.

 

Өтінімдерді қабылдау 7 ағым шеңберінде кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады. Мұндай шешім азаматтардың «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқудан өтіп үлгеруі үшін қабылданды.

 

Гранттар бір рет беріледі. Бұл ретте, бизнес-жобасын комиссия қарау барысында мақұлдамаған үміткер келесі ағындардың біріне өтінімді қайта бере алады.

 

Биыл барлығы 20 мың грант беру жоспарлануда – жастар мен халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан адамдар үшін 10 мыңнан (атаулы әлеуметтік көмек алушылар; көп балалы отбасы мүшелері-көп балалы жәрдемақы алушылар және (немесе) оның жұбайы (зайыбы); оңтүстік өңірлерден солтүстікке қоныс аударушылар; қандастар; отбасы мүшелері балаларды (балаларды) тәрбиелеп отырған отбасылар; мүгедектігі бар адамдар).

 

Нысаналы санаттарға сәйкес келуден басқа, үміткерлер мынадай критерийлердің біріне сәйкес келуі тиіс:

 

халықты жұмыспен қамту орталығында тіркелген жұмыссыз тұлға;

 

Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеуші;

 

өтініш берген сәтте мәртебесін ресімдеу мерзімі 1 жылға дейінгі жеке кәсіпкер (оның ішінде қызметін тоқтатқан);

 

жеке қосалқы шаруашылықта жұмыс істейтін тұлға.

 

«Бастау бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытуды аяқтау туралы қолданыстағы сертификаттың және оқыту барысында дайындалған бизнес-жоспардың болуы міндетті болып табылады.

 

Бұдан басқа, грант алуға үміткердің тұрғылықты жері бойынша кемінде 1 жыл тұрақты немесе уақытша тіркеуі болуы тиіс (қоныс аударушылар мен қандастарды қоспағанда).

 

Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларының қазіргі қатысушылары, сондай-ақ 12 ай бұрын жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысуды өз еркімен, дәлелсіз себеппен тоқтатқан адамдар грантқа үміткер бола алмайды.

 

Өтінім беру үшін электрондық цифрлық қолтаңбаны (бұдан әрі – ЭЦҚ) пайдалана отырып, порталда тіркелу, өтініш нысанын толтыру және ЭЦҚ көмегімен қол қою қажет.

 

Интернетке немесе компьютерге қолжетімділік болмаған жағдайда, халықты жұмыспен қамту орталықтарының өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтарында, Халыққа қызмет көрсету орталықтарында, Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарында өтінім беруге болады.

 

«Порталды өтінімдерді қабылдау бойынша бірыңғай терезе ретінде пайдалану мемлекеттік қолдау шараларын көрсету процесінде үміткерлер мен көрсетілетін қызметті берушілердің физикалық байланыстарын азайтуға ғана емес, сондай-ақ іріктеу және мемлекеттік қолдау шараларын тағайындау туралы шешім қабылдау сатыларында адами фактордың әсерін азайтуға мүмкіндік береді. Ал кірудің бірыңғай нүктесі және жеке кабинеттегі өтінімдердің мәртебесін қадағалау мүмкіндігі азаматтар үшін ашықтық пен қолжетімділікті қамтамасыз етеді», – деді ҚР ЕХӘҚМ халықты жұмыспен қамту департаментінің директоры Руслан Тілеубаев.

 

Гранттарды үміткерлердің өтініштерін қарау жөніндегі комиссияның шешімі негізінде халықты жұмыспен қамту орталықтары беретін болады. Комиссия мүшелері бизнес-жоспарды мынадай критерийлер бойынша бағалайды: бизнес-идеяның бәсекеге қабілеттілігі; өткізу нарықтарының пысықталуы; бизнес-жобаның қаржылық өміршеңдігі; кәсіпкерлік дағдылардың деңгейі; жаңа жұмыс орындарын құру.

 

Шешім шығарылғаннан кейін порталдағы үміткердің жеке кабинетіне хабарлама жіберіледі.

Комиссияның оң шешімі болған жағдайда үміткер тиісті хабарламаны алған сәттен бастап 3 жұмыс күні ішінде порталда банк деректемелері бар банк шотын ұсынуы тиіс.

 

Бұдан басқа, порталда хабарлама алған сәттен бастап 3 жұмыс күні ішінде грант алушы Жеке кабинетте ЭЦҚ пайдалана отырып, шартқа қол қоюы тиіс.

 

Келесі ағындар бойынша өтінім беру күні алдын ала порталда, БАҚ және әлеуметтік желілерде жарияланатын болады.

 

Қосымша ақпарат алу үшін тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталықтарына жүгінуге болады.

 

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×