Now Reading
2,3 млн қазақстандық оқушы сауықтыру лагерлерінде демалады
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > 2,3 млн қазақстандық оқушы сауықтыру лагерлерінде демалады

2,3 млн қазақстандық оқушы сауықтыру лагерлерінде демалады

Жыл сайын балаларды жазғы демалыспен қамту артады. Жазғы демалыс кезінде балаларды сауықтыру лагерлерінде 2,3 млн қазақстандық оқушы демалады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда жарты миллионға көп.

 

Сондай-ақ, биыл сауықтыру лагерлері мен алаңдарының саны айтарлықтай өсті. Жалпы республика бойынша 11 мыңнан астам (2021 ж. — 9 507) мектеп жанындағы, қала сыртындағы, шатырлы, спорттық, киіз үй лагерлері жұмыс істейтін болады. «Бірінші кезекте, жазғы сауықтыру демалысымен әлеуметтік осал санаттағы балалар қамтылады. Бұл жетім балалар, аз қамтылған, көп балалы, толық емес отбасылардан шыққан балалар, мүгедектігі бар балалар және басқалар. Санаторийлерде, туристік базаларда, ұлттық парктерде, жоғары оқу орындарында лагерьлер ашу және әрекетсіз лагерьлерді қалпына келтіру есебінен балаларды сауықтыру лагерьлерінің желісі кеңейтілді. Қала сыртындағы лагерьлер желісін дамыту бойынша жұмыстар жүргізілуде, биыл Қызылорда облысында 3 лагерь және Ақмола облысында 1 лагерь пайдалануға беріледі. Балалардың жазғы демалысы үшін қолайлы және қауіпсіз жағдайларды қамтамасыз ету маңызды. Қазір ашылуға дайындалып жатқан лагерьлерде конкурстық рәсімдер жүргізілуде, олардың санитарлық нормаларға сәйкестігі тексерілуде», – деп хабарлады ҚР Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау Комитетінің төрағасы Есенғазы Иманғалиев. Балалар мен ата-аналарды барынша ақпараттандыру үшін биыл балаларды сауықтыру лагерлерінің интерактивті картасы іске қосылды bala-demalys.kz, сайт және мобильді қосымша (Android Және IOS платформаларында). Электрондық картаның көмегімен кез келген адам нақты уақыт режимінде қандай да бір лагерьдің қолжетімділігін (бағдарламасын, бағасын, орналасқан жерін) көре алады.

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...