Now Reading
Баланы мектепке дайындауға 40 мың теңгені кімдер ала алады
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Баланы мектепке дайындауға 40 мың теңгені кімдер ала алады

Баланы мектепке дайындауға 40 мың теңгені кімдер ала алады

Ағымдағы жылы Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында халықтың әлеуметтік осал топтарындағы 400 мыңнан астам баланы мектеп формасы мен оқу құралдарымен қамтамасыз ету үшін материалдық көмекпен қамтылады, — деп хабарлайды Білім министрлігі.

Министрліктің хабарлауынша, биылғы жылы әрбір оқушыға киім-кешек пен кеңсе тауарларын сатып алу үшін қажетті ең төменгі қаржы көлемі 40 567 теңгені құрайды. Қаражат ата-аналардың есепшоттарына аударылады.

«Бұл қаражат ата-аналарға балаларымен бірге мектеп формасын, аяқ киімді, кеңсе тауарларын өз бетінше таңдай алуы үшін беріледі. Қабылданған өзгерістер ата-аналар мен балаларға жеткізушілерді өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді және сапасыз тауарларды ұсынуды болдырмайды», — деді Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Жолдас Батырхан.

Аз қамтылған отбасыларға материалдық көмек көрсету және балаларды 100% оқумен қамтамасыз ету үшін Жалпыға бірдей міндетті орта білім беру қоры жұмыс істейді. «Всеобуч» қорының аясында атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасы балаларына, сондай-ақ жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасы балаларына материалдық көмек көрсетіледі.

Жаңа оқу жылы қарсаңында жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, сондай-ақ төтенше жағдайға душар болған мектеп оқушыларына материалдық көмек көрсетіледі. Оның ішінде Абай ауданындағы орман өртімен күресте қаза тапқандардың балалары да бар.

Білім министрлігі өткен жылы мектеп заттарын сатып алу сомасы 17 мың теңгеден басталғанын атап өтті.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×