Now Reading
Елордада зағип жандарға арналған аудиокітаптың тұсаукесері өтті
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Елордада зағип жандарға арналған аудиокітаптың тұсаукесері өтті

Елордада зағип жандарға арналған аудиокітаптың тұсаукесері өтті

Нұр-Сұлтан қаласының Зағип және көру қабілеті нашар азаматтарға арналған арнайы кітапхана «орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ Толқын Қабылша авторымен «Осы бір сәт ұнайды» аудиокітапының тұсаукесерін өткізді.

 

Аталған іс-шара — «Дыбыстандырылған әлем» жобасы аясында зағип жандарға арналған кітаптарды дыбыстау бойынша кітапхана жұмысының нәтижесі.

 

«Елордада арнайы кітапханада мазмұнды іс-шара өтті. Бұл кездесу өте жылы, ерекше әсер қалдырды. Себебі мұнда оқырмандар көру қабілетінің нашарлығына қарамастан, қазақ поэзиясына өте құштар. Менің ойымша, бүгін туылған аудиокітап-оқырмандар үшін поэтикалық әлемге сыйлық. Мұнда өмірді жақсы көретін, нәзік жүрегі бар адамдар. Осындай адамдар бар әлемде махаббат пен мейірімділік мәңгілік», — деді Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Толқын Қабылша.

 

Тұсаукесер поэтикалық кеш, оқырман мен автор арасындағы диалог, автордың қолтаңбаларын таратумен фото-сессия және арнайы келген зиялы қауым өкілдерінің пікір алмасуы, пікірталас форматында өтті.

 

Іс-шараға кітапхана оқырмандары, зағип жандар, оқушылар қатысты.

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...