Now Reading
Қазақстандық ғалымдардың әзірлемелері инсульт пен инфаркт ауыруларынан болатын өлімді төмендетуге мүмкіндік береді
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Қазақстандық ғалымдардың әзірлемелері инсульт пен инфаркт ауыруларынан болатын өлімді төмендетуге мүмкіндік береді

Қазақстандық ғалымдардың әзірлемелері инсульт пен инфаркт ауыруларынан болатын өлімді төмендетуге мүмкіндік береді

Қазақстандық ғалымдар артериялық патологияларды емдеудің жаңа әдістерін ойлап тапты. Ғалымдардың пікірінше, бұл миокард инфарктісі, инсульт, трофикалық жаралар, төменгі аяқтың гангренасы және басқа да органдардың мүгедектігі мен өлімін азайтады.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қан тамырлары патологиясы орталығының қызметкерлері артериялық тамырлардың өткізгіштігін қалпына келтіруге арналған құрылғылар мен әдістерге Қазақстан Республикасының екі патентін және Еуразиялық патенттік ведомствоның екі патентін алды.

Біздің өнертабыстарымыз «Артериялық тамырлардың өткізгіштігін қалпына келтіруге арналған құрылғы және әдіс», «Атеросклеротикалық түйіншіктерді таңдамалы ультрадыбыстық диссекцияға арналған құрылғы және артериялық тамырлардың өткізгіштігін қалпына келтіру әдісі» деп аталады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың қан тамырлары патологиясы орталығының директоры, профессор Оралбай Дәрменов бұдан әрі ғалым әзірленген емдеу әдісінің қалай жұмыс істейтінін айтып берді.

Емдеу әдісі келесідей: біз артерияда жабық қуысты жасап, атеросклеротикалық түйіншіктерді препаратпен ерітеміз, бұл кезде қан үнемі тамырлар арқылы өтеді. Біздің өнертабыстар атеросклеротикалық түйіншіктерді түбегейлі жоюға және бір уақытта бірнеше артерияны тазалауға мүмкіндік береді. Профессордың айтуынша, бұл құрылғыларды қолдану қан тамырларын стенттеу, сондай-ақ өмірлік маңызды органдардың – жүрек, ми, артериялардың тамырларына ашық шунттау операциясы сияқты белгілі және күрделі әдістермен салыстырғанда жақсы емдеу сапасын қамтамасыз етеді және т.б.

Жыл сайын әлемде стенттер 60 миллиард долларға сатылады, біз ұсынатын емдеу әдісі әлдеқайда демократиялық болады. Біздің өнім техникалық көрсеткіштері мен құны жағынан ең жақын аналогтардан бірнеше есе жоғары,- деді Оралбай Дәрменов.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, қазіргі таңда ғалымдар клиникалық сынақтарға арналған құрылғылардың зертханалық, өнеркәсіптік үлгілерін жасаумен және коммерциялық өндіріспен айналасуда.

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...