Now Reading
Қазақстан Республикасында бірқатар аурулар бойынша халықты тар ауқымды мамандарға тіркеу тәртібі жеңілдетілді
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Қазақстан Республикасында бірқатар аурулар бойынша халықты тар ауқымды мамандарға тіркеу тәртібі жеңілдетілді

Қазақстан Республикасында бірқатар аурулар бойынша халықты тар ауқымды мамандарға тіркеу тәртібі жеңілдетілді

Азаматтардың көпшілігі «100 күн – 100 сұрақ» әлеуметтік жобасы аясында тар мамандарға терапевттің қарауынсыз қол жеткізу мәселелерімен Денсаулық сақтау министрлігіне жүгінді.

«100 күн – 100 сұрақ» жобасын жүзеге асыру кезеңінде 11 қаңтар мен 21 сәуір аралығында барлық кері байланыс арналары арқылы 1588 өтініш пен ұсыныс түскен. Министрлік тарапынан барлық жеке өтініштер бойынша авторларға жауаптар беріліп, азаматтар көтерген бірқатар мәселелер бойынша жүйелі шешімдер қабылданды.

«Халықты тар мамандарға жазу тәртібін жеңілдету үшін амбулаториялық жағдайда мамандандырылған медициналық көмек көрсету ережелеріне байланысты нормативтік құжаттарға өзгерістер енгізілді, онда учаскелік дәрігердің жолдамасынсыз мамандарды қабылдау тәртібі анықталды», — деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.

Бұл шұғыл жағдайлар мен жарақаттар, соның ішінде офтальмологиялық, оториноларингологиялық және басқа жарақаттар кезіндегі пациенттерге қатысты. Сондай-ақ шұғыл және жоспарлы стоматологиялық көмек көрсету, дерматовенерологиялық бейіндегі аурулар, тіркелген жері бойынша акушер-гинеколог пен психологқа жазылу үшін жеңілдетілген тәртіп көзделген. Бұдан басқа, онкологиялық және гематологиялық бейіндегі ауруларға күдік болған кезде, динамикалық бақылау ауруының бейіні бойынша, бір жағдай шеңберінде бейінді маманға қайта қабылдау кезінде, неоплазмаға күдік болған кезде және т.б. – сондай-ақ оңайлатылған тәртіп қолданылатын болады.

Бұдан бұрын онкологиялық ауруға күдікті пациенттер амбулаториялық-емханалық деңгейде «жасыл дәліз» бойынша, яғни жалпы кезектіліктен және шектеулерден тыс 18 жұмыс күні ішінде, бұдан әрі онкологиялық орталықтар жағдайында диагнозды растау (верификациялау) мақсатында тереңдетілген диагностика 15 жұмыс күні ішінде жүргізіледі, оның шеңберінде алғашқы онкологиялық науқастың бағытын бекіту туралы хабарланған болатын.

Денсаулық сақтау министрлігі жобаның аяқталуына қарамастан, оның әрқашан халықпен тікелей байланыста болатынына және диалогты жалғастыруға дайын екеніне сендірді және азаматтардан minzdrav@dsm.gov.kz ресми электронды мекенжайына өз өтініштерін жіберуді сұрайды.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×