Now Reading
Ақтөбе облысында аз қамтылған отбасылардан шыққан балалардың жазғы демалысына 320 млн теңге бөлінеді
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Ақтөбе облысында аз қамтылған отбасылардан шыққан балалардың жазғы демалысына 320 млн теңге бөлінеді

Ақтөбе облысында аз қамтылған отбасылардан шыққан балалардың жазғы демалысына 320 млн теңге бөлінеді

Ақтөбе облысында әлеуметтік осал санаттағы балалардың жазғы демалысын тегін ұйымдастыруға 320 миллион теңге бөлінді. Бұл туралы ӨКҚ-де өткен брифинг барысында облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Нұргүл Бертілеуова мәлімдеді.

 

Н.Бертлеуованың айтуынша, биылғы жылы балалардың 90 пайызын жазғы демалыспен қамту жоспарлануда. Халықтың әлеуметтік осал санатындағы балалардың, оның ішінде АӘК алатын отбасылардың, аз қамтылған отбасылардың, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың, төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен отбасы балаларының жазғы демалысын тегін ұйымдастыруға бюджеттен қаражат бөлінеді.

 

«Әлеуметтік осал санаттағы балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруға бюджеттен 320 млн теңге бөлінді. Бұл балалар қала маңындағы, мектепте, шатырлы лагерьлерде тегін демалатын болады», — деді ол.

 

Жалпы, биыл облыста 9 қала сыртындағы лагерь жұмыс істейді, оның ішінде біреуі мемлекеттік. Екі лагерь жұмыс істемейді, оның ішінде «Достық» мемлекеттік лагері күрделі жөндеуді қажет етеді. «Шапағат» лагері де биылғы жазда балаларды қабылдай алмайды. Барлығы төрт мыңға жуық әлеуметтік осал топтағы балаларды лагерьлерде тегін демалумен қамтымақпыз.

 

Бұрынғыдай ерекше күтімді қажет ететін балалар демалған «Күншуақ» лагерінде Ресейден келген 30 этникалық қазақ 12 күн бойы ана тілін үйреніп, демалатын болады.

 

Сондай-ақ, жазғы маусымда балалардың мемориалдық кешендер мен мұражайға экскурсиясы ұйымдастырылады.

 

«Ата-аналар мен демеушілер есебінен Қобыланды батыр, Есет батырдың мемориалдық кешендеріне саяхаттар, мұражайларға саяхаттар ұйымдастырылады. Сондай-ақ ірі кәсіпорындар өз қызметкерлерінің балаларын лагерьлерде демалдыратын болады», — деді Н.Бертлеуова.

 

Бүгінгі таңда білім басқармасының мәліметінше, лагерьлерге жолдама құны 60 мыңнан 70 мың теңгеге дейін.

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...