2022 жылдың 20 маусымы мен 19 шілдесі (қоса алғанда) аралығында otbasybank.kz сайты «Бақытты отбасы» бағдарламасына қатысуға өтінімдерді қабылдайды.
Бағдарламаға қатысушылар тұрғын үй сатып алуға 2 пайызбен 20 жыл мерзімге несие алады. Алғашқы төлем 10 пайызды құрайды.
Әкімдікте кезекте тұрғандар келесі номинациялар бойынша бағдарламаға қатыса алады:
көп балалы отбасы;
мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған отбасы;
толық емес отбасы (неке бұзылған сәттен бастап кемінде үш жыл өтуі керек).
«Бақытты отбасы» бағдарламасының көмегімен жергілікті әкімдіктер арқылы салынған несиелік тұрғын үйді немесе үміткердің таңдауы бойынша кез келген басқа тұрғын үйді (бастауыш, орта) сатып алуға болады. Несиенің ең жоғары сомасы Нұр-Сұлтан, Алматы және олардың қала маңындағы аудандарында, Шымкент, Ақтау, Атырау қалаларында 15 миллион теңгеге дейін және басқа аймақтарда 10 миллион теңгеге дейін болады.
Жылжымайтын мүлікті «Отбасы банкінде» көрсетілген қарыз алушы тұрғын үй алуға кезекте тұрған аймақтан сатып алу керек.