Now Reading
Қазақстанда отбасыларды ресурстық қолдау орталықтары ашылады
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Қазақстанда отбасыларды ресурстық қолдау орталықтары ашылады

Қазақстанда отбасыларды ресурстық қолдау орталықтары ашылады

Өмірлік қиын жағдайда жүрген отбасыларға арналған консультативтік орталықтар еліміздің 17 өңірінде ашылады.

 

«Біздің ресурстық орталықтарда өмірлік қиын жағдайда жүрген балалары бар отбасыларға құқықтық, психологиялық, әлеуметтік-педагогикалық, білім беру және басқа да мәселелер бойынша «бір терезе» қағидаты бойынша ақпараттық-консультациялық және ресурстық қолдау көрсетілетін болады», — деді «дағдарыс орталықтары одағы» заңды тұлғалар бірлестігінің басшысы Зульфия Байсакова.

 

Алматыда орталық Зенков,15 мекен-жайы бойынша ашылды.

 

Жақын арада ресурстық қолдау орталықтары еліміздің барлық өңірлерінде ашылады, деп хабарлады спикер.

 

«Біздің жобамыздың ең маңызды мәселесі қиын өмірлік жағдайдағы отбасыларды әлеуметтік қолдауға қатысты. Біз қазақстандықтардың осы санаты үшін өз бизнесін ұйымдастыру дағдыларын алу үшін курстар ұйымдастырғымыз келеді. Бүгінде Мемлекеттік бағдарламалар бар, олардың аясында оқудан өткен адамдарға гранттық қаражат бөлінеді», — деп атап өтті Зульфия Байсакова.

 

Жоба аясында көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан қазақстандықтар үшін сертификаттар бере отырып, түрлі бағыттар бойынша курстар ұйымдастырылады. Осылайша олар жаңа мамандықтардың негіздерін ала алады: тігінші, SMM маманы, бухгалтер, тырнақ дизайнері.

 

Әлеуметтік жоба ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылуда.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×