Now Reading
Өскеменде аутизм және психикалық ауытқуы бар балаларға арналған мемлекеттік орталық ашылады
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Өскеменде аутизм және психикалық ауытқуы бар балаларға арналған мемлекеттік орталық ашылады

Өскеменде аутизм және психикалық ауытқуы бар балаларға арналған мемлекеттік орталық ашылады

Осы мақсатта «Үлбі» халыққа әлеуметтік қызмет көрсетудің қалалық аумақтық орталығы қайта құрылады. Қазіргі уақытта ғимаратта жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

 

Қала әкімі Жақсылық Омар аутизм спектрі бұзылған және психикалық ауытқулары бар балаларға арналған орталық құру туралы айтты.

 

«Мұндай балаларды емдеумен қамту төмен деңгейде», — дейді әкім. «Сондықтан біз «Қамқорлық» қорымен бірлесіп, бұл мәселені шешуді қолға алдық. «Үлбі» орталығының ғимаратын жөндеуге жергілікті бюджеттен қаржы бөлдік, қор оны қажетті жиһаздармен, оқу бағдарламасымен қамтамасыз етіп, мамандарды оқытады.

 

Қала басшылығы жөндеу жұмыстары болашақ келушілердің ерекшеліктерін ескере отырып жүргізіліп жатқанын, барлық материалдар мен бояулардың мұқият таңдалғанын атап өтті. Жұмыс әкімдік пен «Қамқорлық» қоры өкілдерінің тұрақты бақылауында.

 

«Жөндеу жұмыстары аяқталған соң 130 балаға арналған жаңа орталыққа ие боламыз. Онда оларға емдеу, оқыту және дамыту қызметтері көрсетіледі.

 

Жобаға сәйкес, жаңа орталықта екі емдік дене шынықтыру залы, проекциялық кабинет, «жұмсақ» бөлме, сондай-ақ сенсорлық интеграция, арт-терапия, топтық ABA терапиясы және әлеуметтік бағдарлау кабинеттері болады.

 

Алдағы күзде Өскеменде аутизм спектрі бұзылған және психикалық ауытқулары бар балаларға арналған орталық жұмысын бастайды деп болжам жасалуда.

 

 

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...