Ақтөбеде «Батыс-2» шағын ауданында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған мамандандырылған дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынып жатыр.
Құрылыс барысымен облыс әкімі Оңдасын Оразалин таныстырылды.
Мамандандырылған дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде барлығы ересектер мен мүмкіндігі шектеулі балалардың қажеттіліктеріне бейімделген. Мысалы, бассейнде арбаға арналған арнайы түсім болады. Нысан келесі жылы пайдалануға беріледі. Кешеннің жалпы ауданы 4800 шаршы метрді құрайды, ДШСК құны 2,1 миллиард теңгені құрайды.
Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Евгений Гончаровтың айтуынша, кешен республикалық ауқымда бірегей деп айтуға болады. Оның пайдалануға берілуімен ересектер мен мүмкіндігі шектеулі балаларды спортпен қамту айтарлықтай артады. Кешенде мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорт клубы да орналасады.
Облыс әкімі сауапты ұйым өкілдерімен әңгімелесу барысында бұл жобаның маңыздылығына тоқталып, уәкілетті мемлекеттік органдарға құрылыс барысын қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.
Сондай-ақ, 2023 жылы пайдалануға берілетін Есет батыр тұрғын алабында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған үлкен оңалту орталығы салынуда.
Үстел теннисі орталығының құрылысы мен жабдықтау жұмыстары аяқталуға жақын. Спорт нысанын пайдалануға беру ағымдағы жылдың қыркүйек айына жоспарланған. Құрылыс салушы «West build» ЖШС-нің өкілі Алексей Холод жұмыс уақытында аяқталады деп сендірді. Орталықтың барлық спорт алаңдары еуропалық өндірістегі сертификатталған құрал-жабдықтармен жабдықталады. Бұл мұнда әртүрлі жас санатындағы кәсіби спортшыларды дайындауға және халықаралық, әлемдік деңгейдегі жарыстарды өткізуге мүмкіндік береді.
Облыс әкімі қалада жұмыс істейтін теннис секциялары өз жұмысын жалғастыратынын атап өтті.
«Біздің мақсатымыз – азаматтарға спорттық инфрақұрылым нысандарына қолжетімділікпен қамтамасыз ету», — деді О.Оразалин.