Қазақстан Республикасы Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігі «Zhas Project» жобасы аясында жастардың бастамаларын қолдауға гранттар беру конкурсына өтінімдерді қабылдау басталғанын хабарлайды.
«Zhas Project» өз елді мекендеріндегі әлеуметтік-экономикалық өмірге, өнімді жұмыспен қамтуға тартуға, сондай-ақ әлеуметтік осал, әсіресе ауылдық жерлерде тұратын жастардың бизнес-идеяларын қолдауға бағытталған.
Шағын гранттар конкурсына 18 бен 29 жас аралығындағы жас қазақстандықтар қатыса алады:
— жұмыссыз мәртебесі бар; аз қамтылған отбасыларда тұратындар,
— жетім және мүгедектігі бар адамдарға; ата-аналар,
— мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушілер;
— көп балалы отбасылар, көп балалы аналар.
Өтініштер келесі веб-сайттарда қабылданады:
zhasproject-almobl.kz, zhasproject-karaganda.kz, zhasproject-mangystau.kz, zhasproject-turkestan.kz.
Қатысуға өтінімдер 2022 жылдың 10 тамызына дейін қабылданады.