Now Reading
Ерекше балаларға арналған медициналық қызметтер енді ауыл ауруханаларында қолжетімді
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Ерекше балаларға арналған медициналық қызметтер енді ауыл ауруханаларында қолжетімді

Ерекше балаларға арналған медициналық қызметтер енді ауыл ауруханаларында қолжетімді

2022 жылғы 29 шілдеде Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Бәйдібек би ауылында «Қамқорлық» оңалту орталығының және ерте араласу орталығының салтанатты ашылуы өтті.

Өңір үшін елеулі оқиғаға «Samruk-Kazyna Trust» қоры Қамқоршылық кеңесінің төрағасы, «Самұрық-Қазына» АҚ экономика және жоспарлау департаментінің директоры Мират Өтепов, «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының бас директоры Альфия Адиева, Алматы облысы әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов, «Қазақтелеком» АҚ және «Қазпошта» АҚ өңірлік филиалдары басшылығының өкілдері қатысты.


Жыл сайын 0-18 жас аралығындағы дамуы бұзылған мен оның туындау қатері бар 1200 бала мұнда абилитация (бейімдеу) және реабилитация (оңалту) көмегін алып, «Samruk-Kazyna Trust» ұсынған жаңа жабдықта диагностикалық аудиологиялық және мидың электроэнцефалография тексеруінен өтеді. Балалармен оңалтушы дәрігерлерден, неврологтардан, емдік-дене шынықтыру нұсқаушыларынан, эрготерапевтерден, психологтардан, логопедтерден және дефектологтардан тұратын мамандар тобы жұмыс істейді. Жоба құны 256,8 млн теңгені құрап отыр.
«Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының қолдауымен «Қамқорлық» жобасының алғашқы екі кезеңі аясында 2020 жылдан бері Қазақстанның барлық өңірінде инновациялық технологияларға негізделген тиімді кешенді оңалтуға жағдай жасалды. «Ерекше» балаларға арналған жобаға 3 млрд теңгеден астам қаржы бағытталды», — деді өзінің кіріспе сөзінде «Samruk-Kazyna Trust» қоры Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Мират Өтепов.
Бәйдібек би ауылындағы «Қамқорлық» оңалту орталықтары өз жұмысын осы жылдың ақпан айында бастады. Қазіргі уақытта 380 бала кеенді түрде емделіп үлгерді. Оңалтудан өткеннен кейін балалар өте жақсы нәтиже көрсетуде: 24 бала алғашқы қадамын жасаса, 133 бала өз бетінше жуынуды және тісін жууды үйренді. Сонымен қатар, 146 бала ата-анасының көмегінсіз киініп, 58 бала өз бетінше тамақтана және су іше алады.


Ерте араласу орталықтарының негізгі мақсаты — балалардың ерте мүгедектігінің алдын алу. Сондықтан баланың өмірінің алғашқы айларынан бастап оған білікті жан-жақты көмек көрсету өте маңызды. Содан кейін барынша нәтижеге қол жеткізу үшін білікті мамандармен бақылауды және кешенді емдеуді жалғастырған жөн. Оңалту орталығы мен ерте араласу орталығының Еңбекшіқазақ ауданының көпсалалы ауданаралық ауруханасының аумағында ыңғайлы орналасуының арқасында, енді ерекше күтімді қажет ететін барлық жастағы балалар дәрігерлердің тегін қызметтерімен бір жерде қамтылған.
«Алматы облысында балаларға арналған оңалту орталықтарын ашқаныма қуаныштымын. Бұл «Қамқорлық» жобасына атсалысушы тараптардың барлығының орасан зор еңбегінің нәтижесі. Біз өз кезегімізде отандастарымызға, әсіресе балаларға көмек көрсетуге бағытталған әлеуметтік жобаларды қолдауға әрқашан дайынбыз. Бүкіл ел бойынша өмір сүру сапасын арттыру мақсатында барлық мүдделі қоғамдық бірлестіктерді ынтымақтастыққа шақырамыз», — деп атап өтті «Samruk-Kazyna Trust» қорының басшысы Альфия Адиева.


Еске сала кетсек, «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры, ағымдағы айдың басында Семей қаласында осындай оңалту және ерте араласу орталықтарын ашты.
Барлығы, Қазақстан бойынша, 2022-2023 жылдары дамуы бұзылған және пайда болу қаупі бар балаларға ерте диагностикалық және абилитациялық көмек көрсетуге қажет 13 ерте араласу орталығын және аутизм мен басқа да ментальді бұзылулары бар балаларға арналған 8 орталықты ашу жоспарлануда.
Әлеуметтік жобаларды іске асыруға қатысты ынтымақтастық мәселелері бойынша +7 (7172) 57-68-98 нөміріне хабарласуға немесе келесі мекенжайға жазуға болады: info@sk-trust.kz. Сондай-ақ барлық ақпарат сайтта қолжетімді: www.sk-trust.kz.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×