Кеншілер қаласының басшылығы мүмкіндігі шектеулі балаларды қиыншылықта қалдырған жоқ.
Екібастұз қаласының әкімі Ардақ Қаңтарбаев әлеуметтік желіде «Әлем» балаларды оңалту орталығының жұмысын қалпына келтіру мәселесі шешілгенін хабарлады.
«Ағымдағы апта ішінде БАҚ-та орталық басшылығының барлық мүдделі тараптарды хабардар етпей, ұстауға қаражаттың жетіспеуі себебінен 1 тамыздан бастап қызметін тоқтату туралы жариялануына байланысты «Әлем» балаларды оңалту орталығына байланысты туындаған жағдай кеңінен талқыланды», — деп жауап берді Ардақ Қаңтарбаев.
Бұл ретте қала басшысы 2021 жылдан бері алғаш рет мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында тірек-қимыл аппаратында ақауы бар балаларға жартылай стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетіліп жатқанын атап өтті.
Ағымдағы жылы «Әлем» балаларды оңалту орталығымен келісім-шарт жасалып, оны қаржыландыру ұсынылып орындалған жұмыс актілеріне сәйкес уақытылы жүргізілуде.
«Әрине, біз орталықтың одан әрі жұмыс істеуіне мүдделіміз. Облыс әкімі Әбілқайыр Сқақовқа облыстың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының, облыс әкімдігінің өкілдерінен жұмыс тобын құру тапсырылды.Жұмыс тобында «Әлем» балаларды оңалту орталығының өкілдерімен бірлесіп тиісті талдаулар жүргізіліп, мәселені оң шешудің бірнеше нұсқасы ұсынылды.Қарау қорытындысы бойынша Ағымдағы жылдың 8 тамызынан бастап «Әлем» балаларды оңалту орталығының қызметін қалпына келтіру», — деп қорытындылады Екібастұз қаласының әкімі.
Sputnik Қазақстан хабарлағандай, «Әлем» оңалту орталығы ағымдағы жылдың 1 тамызында қаржы тапшылығына байланысты жабылды.
Оған барған 29 ерекше баланың ата-анасы орталық жұмысын қалпына келтіруге көмек сұрап, әлеуметтік желі арқылы қала әкімшілігі мен барлық қамқор жандарға жүгінді.