Now Reading
Ханчжоу-2022 IV Азия Паралимпиада ойындары 2023 жылдың қазан айында өтеді
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Ханчжоу-2022 IV Азия Паралимпиада ойындары 2023 жылдың қазан айында өтеді

Ханчжоу-2022 IV Азия Паралимпиада ойындары 2023 жылдың қазан айында өтеді

Биылғы күзге жоспарланған Ханчжоу-2022 IV Азия Паралимпиада ойындары 2023 жылдың 22-28 қазаны аралығында Ханчжоу қаласында (Чжэцзян провинциясы, Шығыс Қытай) өтеді. Бұл туралы сәрсенбі күні таратылған Азия паралимпиада комитетінің хабарламасында айтылған.

Хабарламада айтылғандай, Азия паралимпиада ойындарының ұзақтығы өзгеріссіз қалады және әдетте олар Азия ойындары аяқталғаннан кейін екі аптадан кейін өткізіледі.

ХІХ Азия ойындары Ханчжоу қаласында 2023 жылдың 23 қыркүйегі мен 8 қазаны аралығында өтеді.

Қытай екінші рет Азия Паралимпиада ойындарын қабылдайды. Қытайда алғаш рет Азия Паралимпиада ойындары 2010 жылы Гуанчжоуда өтті.

Бұрын хабарланғандай, мамыр айында Ханчжоуда өтетін ХІХ Азия ойындары мен Азия Паралимпиада ойындарын кейінге қалдыру туралы шешім қабылданған болатын.

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...