Now Reading
Еңбек ету қабілетінен айырылу бойынша әлеуметтік төлем туралы өтінішті енді eGov арқылы беруге болады
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Еңбек ету қабілетінен айырылу бойынша әлеуметтік төлем туралы өтінішті енді eGov арқылы беруге болады

Еңбек ету қабілетінен айырылу бойынша әлеуметтік төлем туралы өтінішті енді eGov арқылы беруге болады

Еңбек ету қабілетінен айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлем тағайындау жөніндегі қызметті алуға өтінішті енді «электрондық үкімет» порталы (бұдан әрі – eGov.kz порталы) арқылы беруге болады. Бұған дейін өтініштер қағаз түрінде халыққа қызмет көрсету орталықтары мен медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдері (бұдан әрі – МӘС) арқылы қабылданатын.

 

eGov.kz порталы арқылы өтініш беру үшін «Отбасыларға көмек» бөлімінде «Еңбек ету қабілетінен айырылу жағдайында әлеуметтік төлем тағайындау» тармағын таңдау қажет. Осыдан кейін пайдаланушы порталға кіріп, онлайн режимінде қызметке тапсырысты бастауы, барлық қажетті ақпаратты толтыруы және ЭЦҚ арқылы өтінішке қол қоюы қажет.

 

Қызмет көрсету мерзімі 8 жұмыс күнін құрайды. Еңбек ету қабілетінен айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемді тағайындау туралы хабарлама не бас тарту туралы дәлелді жауап пайдаланушының жеке кабинетіне жіберіледі. Қызметті алу үшін мүгедектіктің болуы және еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі туралы ақпарат (МӘС бөлімінің қорытындысы), сондай-ақ Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдардың жай-күйі және соңғы 24 айдағы оған түсімдер туралы деректер талап етіледі, олар ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараттық жүйелерінен автоматты түрде тексеріледі.

 

Бұған дейін eGov электронды үкімет порталында жеке деректерді түзетуге арналған жаңа қызмет пайда болғаны хабарланған болатын. Өзгерістер үш күн ішінде енгізіледі.

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...