Жүргізуші пандусты түсіру туралы өтінішін елемегендіктен мүгедектігі бар жандар арбасындағы Қостанай тұрғыны автобусқа кіре алмады.
Ол жағдай туралы ол өзінің Facebook парақшасында айтты.
30 тамыз күні түстен кейін қостанай тұрғыны «Наурыз» шағын ауданынан қала орталығына автобуспен баратын болды. №24 жаңа автобус келді. Жас жігіт көлік жүргізушісінен пандусты түсіруді өтінді, бірақ оның айтуынша, ол бір нәрсені күңкілдеп, кетіп қалды. Ол келесі автобусты күтуге мәжбүр болды.
Кешке жігіт «Қазақтелеком» аялдамасында автобус күтіп тұрды. 24-ші маршруттағы автобустар келді, бірақ олар арбаларды тасымалдауға жарамсыз болып шықты. Сағат 21:00 болып үйіне телефон соқты. Анасы
ұлын іздеп келді. Дәл сол автобус келді, оның жүргізушісі күндіз пандусты түсіруден бас тарттқан жүргізуші болды.
«Жүргізуші, менің бесінші өтінішіме де, пандусты қойғысы келмеді, тек адамдар бізге көмектесу үшін автобустан түскенде, ол орнынан тұруға ниет білдіріп, пандусты орналастырды. Автобуста біз бұл Никитаны «Наурыз» аялдамасынан күндіз алып кеткісі келмейтін жүргізуші екенін түсіндік. Мен одан жігітті күндіз неліктен аялдамада қалдырғанын сұрадым, оған керемет жауап келді: «Менің уақытым жоқ! Маған қозғалыс аралығын сақтау керек!» Түсінесіз бе? Арбадағы адамдарды тасып жүруге оның уақыты жоқ! Пандусты төсеу/бүктеу процедурасы және арбаның түсу уақыты — 2 минут, одан кем болмаса »,- деп жазады жігіттің анасы Елена Гриб.