Now Reading
Елордадағы апатты үйлердің тұрғындары 2022 жылдың соңына дейін жаңа үйлерге көшіріледі
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Елордадағы апатты үйлердің тұрғындары 2022 жылдың соңына дейін жаңа үйлерге көшіріледі

Елордадағы апатты үйлердің тұрғындары 2022 жылдың соңына дейін жаңа үйлерге көшіріледі

Елордада апатты және тозығы жеткен тұрғын үйлерді бұзуды көздейтін тұрғын үй қорын жаңарту жобасын іске асыру жалғасуда. Тек соңғы төрт жылда осындай 38 үйдің тұрғындары жаңа жайлы баспанаға көшірілді.

 

Қалалық тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының бұзу бөлімінің басшысы Төлеген Ахметов онлайн брифингте жобаның орындалу барысы туралы айтты.

 

«Бірінші кезең 2013-2017 жылдар аралығында өтті, оның барысында 228 апатты үй бұзылып, 3400-ден астам отбасы жаңа жайлы баспанаға ие болды. 2018-2022 жылдарға есептелген екінші кезеңді жүзеге асыру аясында 1082 пәтерлік 56 апатты үй тұрғындарын көшіру жоспарлануда», — деді спикер.

 

Мәселен, 2018 жылы – 86 пәтер, 2019 жылы – 197 пәтер, 2020 жылы – 209 пәтер, 2021 жылы – 257 пәтердің тұрғындарын көшіру жүзеге асырылды.

 

Апатты үйлердің тұрғындары Абылайхан даңғылы мен Қарасай батыр көшесінің бойындағы жастар тұрғын үй кешеніне көшірілді. Қазіргі уақытта бұзу жұмыстары жүргізілуде. Барлығы 2018-2021 жылдары 38 үйдің тұрғындары 749 пәтерге көшірілді.

 

2022 жылға 333 пәтерлік 18 апатты үйді көшіру жоспарланған.

 

«Қаладағы аудан әкімдерімен бірлесе отырып, 2023-2027 жылдарға арналған үшінші кезең — бұзу жұмыстарының жоспары құрылды. 903 пәтерлік 59 үй қосылды», — деді Төлеген Ахметов.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×