Now Reading
Мәжіліс сайлауына, зейнетақы мен жәрдемақыны көбейтуге 200 миллиардтан астам қаржы сұралды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Мәжіліс сайлауына, зейнетақы мен жәрдемақыны көбейтуге 200 миллиардтан астам қаржы сұралды

Мәжіліс сайлауына, зейнетақы мен жәрдемақыны көбейтуге 200 миллиардтан астам қаржы сұралды

Мәжіліс депутаттары Елбасының зейнетақы мен жәрдемақыны арттыру жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыруға, сондай-ақ Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауын өткізуге 220 миллиард теңгеге жуық қаражат бөлуді ұсынды.

 

Мәжілісте «2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасы қаралды.

 

Мәжілісте заң жобасын қарау барысында депутаттар 2023 жылға арналған заң жобасына түзету енгізуді ұсынды.

 

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың зейнетақы мөлшерін ұлғайту, бала күтімі бойынша төлемдерді тағайындау кезеңінің ұзақтығын ұлғайту, Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны монетизациялау, жастарды жұмыспен қамту шараларымен қамтамасыз ету, Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауын өткізу жөніндегі тапсырмаларын іске асыруға депутаттар 219,9 миллиард теңге бөлуді ұсынды», — деді Мәжіліс депутаты Анатолий Бойчин.

 

Әзірленіп жатқан әлеуметтік кодекс шеңберінде жекелеген іс-шараларды іске асыруға, оның айтуынша, 14,7 миллиард теңге бөлу ұсынылды.

 

Бұдан басқа, тұрғын үй құрылыс жинақ салымдары бойынша сыйлықақыларды төлеуге — 35 миллиард теңге.

 

Айта кетейік, 2023 жылы республикалық бюджет шығыстарының жалпы көлемі 21 триллион 2,9 миллиард теңге көлемінде жоспарлануда.

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...