2022 жылдың басынан бері бұл БҚО бойынша жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен төртінші рет өткізіліп отырған «Жастарға жұмыс» бос орындар жәрмеңкесі. 80-ге жуық кәсіпорын мен ұйым жастарға өздерінің бос жұмыс орындарын ұсынды.
Жәрмеңкеге барлығы 2000-нан астам түрлі бос жұмыс орындары ұсынылды. Ең көп сұранысқа ие мамандар – тамақ технологтары, медицина мамандары, бухгалтерлер мен техниктер.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай іс-шараларға бару еңбек жолын енді бастап жатқан жоғары және кәсіптік оқу орындарының түлектері үшін маңызды. Жас мамандар үшін жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейін төмендетуге көмектесетін «Жастар тәжірибесі», «Алғашқы жұмыс», «Дипломмен ауылға», «Қоғамдық жұмыстар» сияқты бірнеше мемлекеттік бағдарламалар бар.
БҚО ресурстық орталығының жастарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Лаура Қатиева жас мамандар бұрын мемлекеттік мекемелерде тәжірибеден өтіп келсе, қазір жеке кәсіпорындарда да жұмыс істейтінін айтады. Бұл техникалық мамандықтарды бітірген түлектердің өз мамандығы бойынша жұмысқа кірісуі үшін жасалып отыр.
«Алғашқы жұмыс жобасы қатысушыны кемінде 36 ай мерзімге тұрақты жұмысқа орналастыруды қарастырады және бірінші рет жұмыс іздеп жүрген және жұмыс тәжірибесі жоқ тұлғаларға арналған. Бағдарламаға қатысушыға тәлімгер тағайындалады. Алғашқы 18 айда мемлекет төлейді, келесі 12 айда жұмыс беруші төлейді. Тағы бір жоба бар – «Ұрпақтар келісімі». Бұл зейнеткерлік жастағы жұмыскерлердің тәжірибесі мен дағдыларын беру үшін құрылған жұмыс орны. Жұмыспен қамту орталықтарымен жасалған келісім-шарт негізінде ұйымдастырылады. 6 айдан кейін жұмыс беруші жұмыссызды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етеді немесе жұмыссыз адам зейнеткерлік жасқа жеткен қызметкерді ауыстырады.» Лаура Катиева.
Жобаға 29 жастан аспаған оқу орындарының түлектері қатыса алады. Жалақы 30 АЕК-тен кем болмауы керек және 6 ай ішінде жұмыспен қамту орталығы төлейді, содан кейін жұмыс беруші анықтайды. Осы мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру арқылы жастарды жұмыспен қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз.
Мұндай бос орындар жәрмеңкелері компаниялар үшін де, жұмыс іздеушілер үшін де тегін өткізіледі.