Қасым-Жомарт Тоқаев әйелдердің зейнеткерлік жасын «тұрақтандыру» туралы заңға қол қойды.
«Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік жастар саясаты және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», — делінген хабарламада.
Қабылданған түзетулерге сәйкес, әйелдердің зейнетке шығу жасы 2028 жылға дейін 61 жас болып бекітіледі.
Бұдан басқа, бала күтімі бойынша төлемдердің ұзақтығы 1,5 жасқа дейін ұлғаяды және ең төменгі базалық зейнетақы мөлшерін ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызына дейін, ең жоғары базалық зейнетақы мөлшерін — ең төменгі күнкөріс деңгейінің 120 пайызына дейін жеткізу көзделеді.
Заң жобасының негізгі нормалары жастардың даму индексі, уақытша тұрақсыз жастар (NEET санатындағы жастар), жастармен жұмыс істейтін маман және жастардың еңбек жасақтары сияқты ұғымдарды бекітеді.
Сондай-ақ, құжатқа жастардың жасын 29-дан 35-ке дейін ұлғайту және жергілікті атқарушы органдарға жастарды жеңілдікпен жалға берілетін тұрғын үймен қамтамасыз ету бағдарламаларын әзірлеу және жүзеге асыру құқығын беретін түзетулер енгізілді.