ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова ҚР әлеуметтік кодексінің жобасында көзделген әлеуметтік қамсыздандырудың тиімділігін арттыру шаралары туралы хабарлады.
⠀
Басқарма басшысы басты мақсаты мүгедектігі бар жандарға арнаулы әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігін арттыру болып табылатын әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін трансформациялауға тоқталды.
⠀
«Тағы бір өзгеріс – мүмкіндігі шектеулі адамға қызмет көрсетуге отбасы мүшелерінің қатысуы. Мүгедектігі бар адамдардың туыстары тиісті сыйақысы және әлеуметтік аударымдары бар жеке көмекші немесе әлеуметтік қызметкер ретінде тіркелетін болады», — деді министр.
⠀
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін трансформациялау шеңберінде әлеуметтік қызметкерлер институтын нығайту да қарастырылған. Қоғамдық жұмысқа тәуелсіз біліктілік аттестациясынан өткен, сертификатталған мамандар ғана жіберіледі.