Now Reading
Тоқаев Көкшетаудағы инсульттан кейінгі науқастарды кешенді оңалту орталығына барды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Тоқаев Көкшетаудағы инсульттан кейінгі науқастарды кешенді оңалту орталығына барды

Тоқаев Көкшетаудағы инсульттан кейінгі науқастарды кешенді оңалту орталығына барды

Қасым-Жомарт Тоқаев Көкшетауда инсульттан кейінгі науқастарға арналған кешенді оңалту бойынша Viamedis медициналық орталығында болды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

«Мемлекет басшысы өткен жылдың мамыр айында Көкшетауда ашылған Viamedis Kokshetau клиникалық-оңалту орталығына барды. Бұл инсульттан кейінгі науқастарға кешенді оңалту жүргізілетін еліміздегі алғашқы орталық. Орталықта мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 250 науқасқа арналған емхана салынды. Емхананың стационарлық оңалту бөлімінде 100-ден астам төсек-орын, күндізгі стационарда 46 төсек-орын қарастырылған. Мұнда 20 мың адамға қызмет көрсетеді. Орталықтың медициналық қызметкерлері 235 адамды құрайды», — делінген хабарламада.

Мұнда науқастардың жағдайын сапалы және жылдам бағалауға және диагноз қоюға мүмкіндік беретін соңғы үлгідегі медициналық жабдықтар бар.

Ақпаратқа сәйкес, облыста 560 денсаулық сақтау нысаны бар, онда 7800-ге жуық медицина қызметкері жұмыс істейді. Соңғы үш жылда медициналық кадрлардың тапшылығы екі есеге қысқарды. Облыста 1,4 млрд теңгеге 80-ге жуық медициналық құрал-жабдық сатып алынды.«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында облыстың 38 ауылдық елді мекенінде дәрігерлік амбулаториялар салу жоспарлануда. Шетелдік инвестормен Көкшетауда 630 төсектік заманауи көпсалалы аурухана салу жобасы жоспарлануда.

«Одан кейін Мемлекет басшысы аумағында Viamedis Kokshetau медициналық орталығы орналасқан Сарыарқа шағынауданының құрылыс барысымен танысты. 2012 жылдан бері 1120 гектар аумаққа салынған шағын ауданда көпқабатты тұрғын үй салынды. Әл-Фараби атындағы ІТ мектебі, өрт сөндіру бекеті, спорт нысандары пайдалануға берілді. Жақын арада тағы бір көпқабатты тұрғын үй, сондай-ақ 21 білім беру нысаны, екі сауда орталығы мен саябақ алаңдарын салу жоспарлануда», — делінген хабарламада.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×