«Қазақстан халқына» Қоғамдық қорының қамқоршылық кеңесінің кезекті күндізгі отырысы өтті.
Жиналыстың күн тәртібіндегі мәселелерді қарау нәтижелері бойынша Қордың Қамқоршылық кеңесі мынадай шешімдер қабылдады:
Жетісу, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ұлытау облыстарында және Шымкент қаласында 6 оңалту орталығын ашу және жабдықтау арқылы мүмкіндігі шектеулі балаларға жан-жақты оңалту көмегін көрсетуге бағытталған «QH Оңалту орталығы» қайырымдылық жобасы мақұлданды.
Мүмкіндігі шектеулі 1,5 жастан 18 жасқа дейінгі балалар әл-ауқат алушылардың нысаналы тобы болып табылады.
Жоба Жетісу, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ұлытау облыстары мен Шымкент қаласы әкімдіктерінің инфрақұрылымды және кадрларды іріктеу, сондай-ақ орталықтарды жөндеу бөлігінде қатысуын қарастырады. Бүгінгі таңда облыс әкімдіктері барлық оңалту орталықтары үшін инфрақұрылымды іріктеуді аяқтады.
«Қамқорлық Қоры» корпоративтік қордың серіктесі ретінде жобаны іске асыру жөніндегі іс-шараларды үйлестіруді, оның ішінде қажеттіліктерді анықтауды, жеткізушілерді таңдау бойынша конкурсты өткізуді, жабдықтарды, машиналарды және жиһаздарды жеткізу мониторингін қамтамасыз етеді.
Орталықтарды оңалту жабдықтарымен, тұрмыстық техникамен және жиһаздармен жабдықтауды қаржыландыру бөлігінде жалпы сомасы 1 447 270 860 теңгеге «Қазақстан халқына» Қоғамдық қорының қатысуы қарастырылған.
Оңалту орталықтары қолданыстағы мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының құрамында жұмыс істейтін болады. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында медициналық оңалту қызметтері көрсетілетін болады.
Сонымен қатар, «Тұсау кесер» қайырымдылық жобасын қаржыландыру мерзімі 1 жылға ұзартылды, оның аясында республиканың 5 облысында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған 5 спорттық-сауықтыру клубы ашылды. «Жас жауынгер» спорт-сауықтыру клубы Семей, Алматы, Шымкент, Атырау, Астана қалаларында. Қаржыландыру бюджеті – 46 млн теңге. Балаларға арналған сабақтар тегін.
Сондай-ақ, қамқоршылық кеңесінің мүшесі Пя Юрий Владимировичтің өкілеттігін 2023 жылдың 1 наурызынан бастап негізгі жұмысындағы жүктемеге байланысты өз бастамасы бойынша тоқтату туралы шешім қабылдады.
Юрий Пя – Қазақстан Еңбек Ері, «University Medical Center» басқарма төрағасы, әлемге әйгілі дарынды кардиохирург, Қазақстанда және Орталық Азияда бірінші болып бірқатар бірегей жоғары технологиялық кардиохирургиялық операцияларды, соның ішінде жүрек пен өкпе трансплантациясын жасаған, беделді тәлімгер және ғылым қайраткері.
«Маған артылған сенім үшін «Қазақстан халқына» қорының қамқоршылық кеңесінің мүшесі болу мүмкіндігі үшін алғыс айтамын. Жыл ішінде қор көптеген қазақстандықтарға, соның ішінде медицина мен денсаулық сақтау саласына көмектесті. Денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қолдау салаларында 20-дан астам бағдарламалар мен жобалар қабылданды. Кардиохирург пен жетекшінің кәсіби қызметі көп уақыт ресурстарын қажет етеді, сондықтан мен негізгі жұмысыма шоғырлануды жөн көрдім», — деді Юрий Пя.
Қамқоршылық кеңесінің төрағасы ретінде Юрий Пя «Қазақстан халқына» қорының институционалдық дамуының бастапқы, жауапты кезеңінде, оның ішінде қордың бағыты мен мақсатын, бағдарламалар мен жобаларын, оның стратегиялық қызметінің бағыттарын, басымдылыққа қатысты ұстанымдары мен тәсілдерін айқындауға елеулі үлес қосты.