Now Reading
Қазақстанда 2029 жылға дейін 1 млн жас ауыл тұрғынын жұмысқа орналастыру жоспарлануда
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Қазақстанда 2029 жылға дейін 1 млн жас ауыл тұрғынын жұмысқа орналастыру жоспарлануда

Қазақстанда 2029 жылға дейін 1 млн жас ауыл тұрғынын жұмысқа орналастыру жоспарлануда

Мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасының негізгі бағыттарын Қазақстан Республикасының Ақпарат және әлеуметтік даму министрі Дархан Қыдырәлі айтты.

Құжаттың бір бағыты ауыл жастарын қолдауға байланысты.

«Бүгінде ауылда жастардың 43,7 пайызы тұрады. Тұжырымдамада ауыл жастарының кәсіби дамуына, сондай-ақ кәсіпкерлік арқылы олардың әлеуетін іске асыруға баса назар аударылады. Сонымен қатар, кәсіби бағдар беру жұмыстары жүргізіледі. Жоғарыда аталған шаралар аясында 2029 жылға қарай 1 миллион ауыл жасын жұмыспен қамту, 1,5 миллион жастың цифрлық сауаттылығын арттыру, 3,8 миллион жасқа ресурстық орталықтар арқылы әлеуметтік қызмет көрсету жоспарлануда», — деді Ақпарат және қоғамдық даму министрі Үкімет отырысында.

Министр сонымен қатар, нәтижесінде 2029 жылға қарай қоғамдық кеңестердегі жастар квотасын 20 пайызға, жас мемлекеттік қызметкерлердің көрсеткішін 25 пайызға дейін ұлғайту, 2,2 миллион жасты волонтерлік, қайырымдылық және экологиялық бастамаларға тарту жоспарланып отырғанын хабарлады.

«Мемлекет басшысының саяси реформалары шеңберінде бекітілген биліктің өкілді органдарындағы жастарға арналған 30% квота бізге жастардың саяси қатысуында жаңа деңгей берді. Біз шешім қабылдау үдерісіне мектеп жасындағы жастарды бірте-бірте тартатын боламыз: мектеп пен студенттік өзін-өзі басқаруды, пікірталастарын дамытудан бастап, мемлекеттік органдардың Қоғамдық кеңестеріне қатысуға дейін», — деді Дархан Қыдырәлі.

Бұған дейін Үкіметтің Мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасының жобасын қолдағаны хабарланған болатын.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×