Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығымен Анархан Қалиевна Дүйсенова Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Аппарат басшысы қызметіне тағайындалды.
Анархан Дүйсенова 1971 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.
Көкшетау медициналық училищесін, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін және М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолын 1990 жылы Көкшетау облысындағы туберкулез диспансерінің зертханашысы болып бастаған.
1991-1994 жж. – балабақша медбикесі.
1994-2003 жж. – Чермошнянка ауылындағы фельдшерлік-акушерлік пунктінде қамқоршы медбикесі.
2003-2006 жылдары Тайынша аудандық мәслихатының хатшысы болып жұмыс істеді.
2006-2011 жылдары Тайынша ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.
2011-2014 жылдары «Нұр Отан» ХДП Тайыншы аумақтық филиалы төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарды.
2014-2017 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары болды.
2017-2018 жж – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті төрағасының орынбасары.
2018-2019 – «Нұр Отан» партиясы Орталық аппараты Ұйымдастыру-аумақтық жұмыс департаментінің директоры.
2019-2021 жылдары «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ вице-президенті, басқарушы директоры болды.
2021 жылғы шілдеден бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.