Now Reading
МҮГЕДЕК ЖАНДАРҒА ТИІСТІ ЖАҒДАЙ ЖАСАМАҒАН ҰЙЫМДАРҒА 60 МЛН ТЕҢГЕ АЙЫППҰЛ САЛЫНАДЫ
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > МҮГЕДЕК ЖАНДАРҒА ТИІСТІ ЖАҒДАЙ ЖАСАМАҒАН ҰЙЫМДАРҒА 60 МЛН ТЕҢГЕ АЙЫППҰЛ САЛЫНАДЫ

МҮГЕДЕК ЖАНДАРҒА ТИІСТІ ЖАҒДАЙ ЖАСАМАҒАН ҰЙЫМДАРҒА 60 МЛН ТЕҢГЕ АЙЫППҰЛ САЛЫНАДЫ

Былтыр түрлі ұйымдар мүгедектігі бар адамдарға қолжетімді жағдай жасамағаны үшін 60 млн теңгеден астам айыппұл төледі.

«2022 жылдың қорытындысы бойынша ҚР Еңбекмині Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық департаменттерінің мамандары мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік бақылау жүргізу шеңберінде мемлекеттік басқару, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, мәдениет, жеке кәсіпкерлік және т. б. салалардағы әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілеріне 1062 тексеру жүргізді. Олардың қорытындысы бойынша анықталған заңбұзушылықтарды жою туралы 900-ден астам ұйғарым берілді, жалпы 60 млн теңгеден астам сомаға 300-ге жуық әкімшілік айыппұл салынды», — делінген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарламасында.

Заңбұзушылықтардың ең көп саны Түркістан (бұзушылықтардың жалпы санының 23%), Қостанай облыстарында (22%) және Алматы қаласында (7%) анықталды. Олардың негізгі бөлігі жеке кәсіпкерлік объектілері мен 2015 жылға дейін пайдалануға берілген объектілерге тиесілі.

«Жергілікті жерлерде объектілерді бейімдеу және осы ақпараттың қолжетімділігі жөніндегі шараларды мониторингтеу үшін мүгедектігі бар адамдарға «Қолжетімділіктің интерактивті картасы» порталы жұмыс істейді. Порталдағы деректерді жергілікті атқарушы органдар толтырады. Мүгедектігі бар адамдар белгілі бір объектіге барар алдында, үйден шықпай (компьютерден немесе телефоннан) оның бейімделу дәрежесін көре алады, сондай-ақ кейіннен қол жетімділікке баға бере алады», дейді мамандар.

Парламент Сенаты қабылдаған ҚР Әлеуметтік кодексінде «әлеуметтік инспектор» ұғымы енгізілді, ол Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес ҚР-дағы мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы бақылау функцияларын іске асырады. Бұл функциялар ҚР ЕХӘҚМ Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық департаменттерінің қызметкерлеріне берілді.

«Өңірлік деңгейде аудан және қала әкімдерінің орынбасарлары бекіткен мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз ету жөніндегі 227 мониторингтік топ құрылды, олардың құрамына 1630 адам кірді.

 

 

Источник: atameken_business

+1
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×