Now Reading
Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділіктің болмауына байланысты ұйымдарға 60 млн теңгеге айыппұл салды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділіктің болмауына байланысты ұйымдарға 60 млн теңгеге айыппұл салды

Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділіктің болмауына байланысты ұйымдарға 60 млн теңгеге айыппұл салды

2022 жылдың аяғында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық департаменттерінің мамандары мүгедектігі бар жандардың қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік бақылау шеңберінде Мемлекеттік басқару, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, мәдениет, жеке кәсіпкерлік және т.б салалардағы әлеуметтік және көліктік инфрақұрылым нысандарына 1062 тексеру жүргізілді. Нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жою туралы 900-ден астам ұйғарымдар шығарылды, жалпы сомасы 60 млн теңгеден астам сомаға 300-ге жуық әкімшілік айыппұл салынды. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА Еңбек министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

 

Ең көп заң бұзушылықтар Түркістан қаласында (жалпы бұзушылықтардың 23%), Қостанай облыстарында (22%) және Алматыда (7%) анықталды. Бұзушылықтардың басым бөлігі жеке кәсіпкерлік нысандары мен 2015 жылға дейін пайдалануға берілген нысандарға қатысты.

 

Жердегі объектілерді бейімдеу шараларын және осы ақпараттың мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға қолжетімділігін бақылау үшін «Интерактивті қолжетімділік картасы» порталы жұмыс істейді. Порталдағы мәліметтерді жергілікті атқарушы органдар толтырады. Мүгедектігі бар жандар белгілі бір нысанға барар алдында үйден шықпай-ақ (компьютерден немесе телефоннан) оның бейімделу дәрежесін көре алады, содан кейін оның қолжетімділігін бағалай алады.

 

Парламент Сенаты қабылдаған Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес мүгедектігі бар жандарды әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау функцияларын және арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсетуде жүзеге асыратын «әлеуметтік инспектор» ұғымы енгізілді. Бұл функциялар Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық департаменттерінің қызметкерлеріне жүктеледі.

 

Облыстық деңгейде аудан және қала әкімдерінің орынбасарлары бекіткен мүгедектігі бар жандардың қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін 227 мониторингтік топ құрылып, оның құрамына 1630 адам кірді.

 

Осы жылдың наурыз айының соңында үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің, облыс әкімдерінің мүгедектігі бар жандар істері жөніндегі кеңесшілерінің және мемлекеттік органдар қызметкерлерінің қатысуымен мүгедектігі бар жандардың қолжетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі республикалық жұмыс тобының отырысы өтті.

 

Жиын барысында нысандарда құрылыс және бейімдеу жұмыстары маусымы басталып жатқаны айтылды. Нысан иелері күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуді жоспарлаған. Осыған байланысты мониторингтік топ мүшелерінің белсенділігін арттырып, ағымдағы жылы бейімдеуге жоспарланған барлық нысандарды аралаумен қамту қажет.

 

Бейімдеу кезінде анықталған негізгі ескертулер: пандустың көлбеу бұрышының сәйкес келмеуі, жоқтығы: санитарлық-тұрмыстық қондырғыларға қол жетімділік, баспалдақтардағы тұтқалар, автотұрақ орындары және т.б.

 

Мониторингтік топтардың алдыңғы сапарларының нәтижелері бейімдеу кезіндегі бұзушылықтардың басым бөлігі Маңғыстау, Қарағанды, Атырау облыстарында анықталғанын көрсетті. Бейімделу бойынша оң жұмыстар Алматы, Батыс Қазақстан, Қызылорда облыстарында байқалады.

 

«Қаламызда жаңа нысандар салынып жатыр, сауда орталықтары, дүкендер, шаштараздар және басқа да нысандар салынуда, алайда нысандардың барлық иелері мүгедектігі бар жандардың кедергісіз қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша өз міндеттемелеріне толық жауап бермейді, бұл мәселені біз мониторингтік топпен бірлесіп шешетін боламыз. Біздің ережеміз «бізсіз біз үшін құрылыс салмаңыз», — деді өз сөзінде «Пандус-ок» ЖШС басшысы Шахан Жұлдасбаев.

 

Сондай-ақ жиын барысында нақты міндеттер талқыланып, бейімделетін нысандардың саны және бұл іс-шаралардың әр өңірде қандай мерзімде жүзеге асырылуы тиіс екені айқындалды.

 

 

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×