Now Reading
Астанада аутизммен ауыратын балаларды қолдауға арналған жарыс ұйымдастырылады
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Астанада аутизммен ауыратын балаларды қолдауға арналған жарыс ұйымдастырылады

Астанада аутизммен ауыратын балаларды қолдауға арналған жарыс ұйымдастырылады

Астаналықтарды аутизммен ауыратын балаларды қолдауға арналған Run for autism қайырымдылық жүгірісіне қатысуға шақырады. Спорттық шара 29 сәуірде елордада өтеді.

 

Run for autism қайырымдылық жүгірісі Аутизм туралы ақпараттандырудың дүниежүзілік күніне арналған.

 

Іс-шара аутизм туралы халықтың хабардарлығын арттыру, осы диагнозы бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту және олардың әлеуметтенуіне жағдай жасау мақсатында өткізіледі.

 

Жарыс 29 сәуір күні таңғы сағат 8-де Триатлон саябағында өтеді.

 

Жиналған қаражат «Болашақ» корпоративтік қорының аутизмі бар және басқа да психикалық ауытқулары бар балаларды қолдауға арналған «Әр бала мектепке лайық» бағдарламасына бағытталады.

 

Жарыс төрт қашықтыққа өтеді:

 

• 1 км – 4 990 теңге.

 

• 2,5 шақырым – 5 990 теңге.

 

• 5 шақырым – 6 990 теңге.

 

• 10 км – 7 990 теңге.

 

Жүгіруге мына сілтеме бойынша тіркелуге болады:

 

https://sxodim.com/astana/event/blagotvoritelnyy-zabeg-run-for-autism

 

Жарысқа қатысушылар арасында бағалы сыйлықтар ұтысы – смартфондар, фитнес-клубқа жылдық жазылым, велосипедтер, дулығалар, сондай-ақ емханада денсаулығын толық тексеруден өту.

 

Ерекше қажеттіліктері бар балалар үшін «Көңілді старттар» тегін ойын-сауық спорттық бағдарламасы ұйымдастырылады. «Көңілді старттарға» қатысу үшін профильдегі «bolashakcharity» тақырыбындағы сілтеме арқылы тіркелу қажет.

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...