Now Reading
Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Ораза айт мерекесімен құттықтады.

 

Құрметті отандастар!

 

Баршаңызды барша мұсылман қауымы үшін қасиетті Ораза айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

 

Ораза ұстаған жандар оны ерекше күтеді. Бұл күндері адамдар қонаққа барады, бір-біріне жылы лебіздерін айтады. Бұл уақыт халқымыздың бірлігі мен ынтымағын нығайтуға септігін тигізеді.

 

Ислам – имандылық, ізгілік, татулық идеяларын жариялайтын дін. Бұл іргелі құндылықтар еліміздің амандығы мен өркендеуін ойлайтын халқымыздың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпында терең тамырлас. Оларды бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп жатқан барша азаматтарымыз бөліседі.

 

Мемлекетіміздің болашағы жарқын болуы үшін қоғамымыздың бірлігі мен ынтымақтастығын нығайтатын боламыз. Ораза айт мерекесі осы үлкен іске зор үлес қосады.

 

Әр отбасына бақыт пен шаттық тілеймін!

 

Еліміз өркендеп, халқымыздың бірлігі нығая берсін!

 

Айт қабыл болсын!

 

Еске салайық, бүгін Қазақстанда мұсылмандардың ең маңызды мерекелерінің бірі Ораза айт тойлануда.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×