Now Reading
Қазақстандық балалар неше жасқа дейін пойызбен тегін жүре алады?
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Қазақстандық балалар неше жасқа дейін пойызбен тегін жүре алады?

Қазақстандық балалар неше жасқа дейін пойызбен тегін жүре алады?

Жазда балалары бар көптеген отбасылар шағын және ұзақ сапарларға, үйлену тойларына, туыстарына немесе демалыстарға баратыны сөзсіз. «Жолаушылар тасымалы» АҚ пойыздарда балалардың жүру тәртібін түсіндірді.

Компанияның баспасөз қызметі атап айтқандай 7 жасқа дейінгі балалар бөлек орын алмай тегін жүреді.

«Бөлек орынды алу үшін 7 жасқа дейінгі балаға балалар билетін сатып алу керек. 7 жасқа дейінгі екі немесе одан да көп бала болса, балалардың жол жүру құжатын да сатып алу қажет. 7 жастан 15 жасқа дейінгі балалар үшін ересектерге арналған билет құнына 50% жеңілдік беріледі», — деп атап өтті компания.

15 жастан асқан балаларға ересектер сияқты жол жүру құжаттары беріледі.

 

Балаға билет сатып алу үшін қандай құжаттар қажет?

Бала билетін сатып алу үшін жеке басын куәландыратын құжатты ұсыну қажет: баланың туу туралы куәлігі немесе төлқұжат.

«Баланың туу туралы куәлігі немесе оның нотариалды куәландырылған көшірмесін билетпен бірге пойызға отырғызу кезінде жолсерікке көрсету керек», — делінген компания таратқан хабарламада.

 

Баланы ересек адамсыз пойызға қалай жіберуге болады?

15 жасқа дейінгі балалар ересек адаммен бірге ғана пойызбен жүре алады.

«Егер бала пойызда заңды өкілі болып табылмайтын жолаушымен бірге жүрсе, онда оны алып жүруге нотариалды куәландырылған сенімхатты көрсету қажет. 15 жастан асқан балалар нотариалды куәландырылған куәлігі болса, ересектерсіз пойызбен жүре алады. Баланың заңды өкілі жолаушылар пойызына мінген кезде сенімхатты көрсету талап етілмейді», — деп хабарлады компания.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×