Now Reading
Қазақстанда 1 шілдеден бастап ерекше балалардың ата-аналарына жалақы төленеді
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Қазақстанда 1 шілдеден бастап ерекше балалардың ата-аналарына жалақы төленеді

Қазақстанда 1 шілдеден бастап ерекше балалардың ата-аналарына жалақы төленеді

Мәжіліс алаңында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің басшысы ерекше балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға мемлекеттен қандай қолдау көрсетілетінін айтты.

 

Мәселені журналистер көтерді. Олар ерекше қажеттіліктері бар балалардың ата-аналары олардың зейнеткерлік жасын қысқартуды сұрап отырғанын айтты. Осы мәселе бойынша БАҚ өкілдері министрдің пікірін сұрады. Тамара Дүйсенова ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналармен кездесіп, әңгімелескенін айтты. «Жеке көмекшілер үшін: биылғы жылдың 1 шілдесінен бастап Әлеуметтік кодексте біз жалақы төлейтініміз және міндетті зейнетақы жарнасын төлейміз. Егер бес бала болса, олар 53-те, 5 бала болмаса, қалғандары сияқты 61-де кетеді. Бірақ олар зейнеткерлікке шыққанда еңбек өтілі де, шегерім де жоқ. Олар қандай зейнетақы алатындығы туралы сұрақ туындады», — деді министр.

 

Айта кетерлік жайт, жеке көмекші – қозғалуы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар жандарды алып жүру, объектілерді аралау кезінде көмек көрсету үшін әлеуметтік қызмет көрсететін тұлға.

 

Мұндай анықтама жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтерін көрсетудің арнайы ережелерінде берілген.

 

Жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтерін көрсетудің медициналық көрсеткіштері:

 

зағип жандар;

 

екі көздің көру өткірлігі түзетумен 0,03 дейін;

 

елеулі немесе айқын вестибулярлық-церебеллярлық бұзылулар;

 

айтарлықтай немесе айқын гиперкинетикалық амиостаздық синдром;

 

паркинсонизм (айқын акинетикалық-регидті түрі);

 

айтарлықтай немесе айқын: гемипарез, төменгі парапарез, трипарез, аурулардан немесе жарақаттардың салдарынан туындаған;

 

гемиплегия, трилегия, параплегия;

 

қан айналымы және тыныс алу функцияларының елеулі немесе айқын бұзылыстары (қан айналымы жеткіліксіздігі III сатысы, коронарлық жеткіліксіздік, тиісінше, IV функционалдық кластағы стенокардия, II-III және III сатыдағы өкпелік жүрек жеткіліксіздігімен біріктірілген III дәрежелі тыныс алу жеткіліксіздігі және басқалары);

 

зәр шығару жүйесі қызметінің елеулі немесе айқын бұзылыстары (созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі III-IV дәрежелі);

 

III-IV дәрежелі буындар функциясының бұзылуымен организмнің статодинамикалық функцияларындағы елеулі немесе айқын бұзылулар;

 

протездеуге жатпайтын және көлік құралдарын пайдалануды қиындататын екі жоғарғы аяқтың ампутациялық діңгектері;

 

протездеуге жатпайтын және көлік құралдарын пайдалануды қиындататын екі жоғарғы аяқтың дамуындағы туа біткен ауытқулар;

 

протездеуге жатпайтын екі жамбастың ампутациялық діңгектері;

 

жоғарғы аяқ-қолдардың ауыр функционалдық бұзылыстары бар протездеуге жатпайтын, көлік құралдарын пайдалануды қиындататын екі аяқтың ампутациялық діңгектері;

 

III үшінші дәрежелі қозғалыстың бұзылуымен төменгі аяқ-қолдың дамуындағы туа біткен ауытқулар;

 

тасымалдау құралдарын пайдалануды қиындататын жоғарғы аяқ-қолдардың ауыр функционалдық бұзылыстарымен бірге III-IV дәрежелі буындардың дисфункциясымен бірге жамбас немесе тізе буындарының функционалдық қолайсыз жағдайындағы анкилоз;

 

тасымалдау құралдарын пайдалануды қиындататын жоғарғы аяқ-қолдардың ауыр функционалдық бұзылыстарымен біріктірілген III-IV дәрежелі буындардың дисфункциясы бар екі жамбас немесе тізе буындарының елеулі немесе айқын контрактуралары.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×