Now Reading
Қазақстанда ерекше білім беруді қажет ететін балалар саны қанша
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Қазақстанда ерекше білім беруді қажет ететін балалар саны қанша

Қазақстанда ерекше білім беруді қажет ететін балалар саны қанша

Палатаның жалпы отырысында инклюзивті білім беру тақырыбын Мәжіліс депутаты Ажар Сағандықова көтерді.

 

«Қазір елімізде ерекше білім беруді қажет ететін 162 мыңнан астам бала бар, бұл балалардың жалпы санының 3 пайызы оқу үдерісіне ерекше көзқарасты қажет етеді», — деді Ажар Сағандықова депутаттық сауал қойып.

 

Ол барлық балалардың қабілеттері мен мүмкіндіктеріне қарай білім алуға қол жеткізуі керектігін айтты. Білім беру үдерісіне енгізудің негізгі қағидасы (inclusion) — қолжетімділік, кемсітушілікке жол бермеу, орынды бейімделу (БҰҰ термині), дайындық және т.б. Дегенмен, кейбір балалардың арнайы мектептерде білім алуы да жоққа шығарылмайды.

 

«Инклюзив принциптері ерекше білім беру қажеттіліктері тұжырымдамасына негізделген және жалпы білім берудің стандартты шарттарына сәйкес келмейтін және оқумен байланысты кез келген қиындықтары бар барлық балалардың мүдделерін қозғайды. Көптеген сарапшылардың пікірінше, сапалы инклюзивті білім берудегі басты кедергі психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар (ПМПК) деп аталады. Қазақстанда ерекше балаларға арналған ПМПК саны 45%-ға өсті, бірақ соған қарамастан олардың жұмыс сапасының ақсап тұрғаны анық», — деді Ажар Сағандықова.

 

2015 жылы Қазақстан Мүгедектігі бар жандардың құқықтары туралы конвенцияны ратификациялағаны және бұл құжат олардың сапалы инклюзивті білім алу құқығына кепілдік беретіні айтылды. Бұл ретте ерекше қажеттіліктері бар балаларды қажетті құралдармен, оның ішінде Брайль қарпіндегі оқу материалдарымен, ымдау тілінде оқытумен, сондай-ақ оқу материалын меңгеруде, өзін-өзі күтуде және мінез-құлықты бақылауда қажетті көмек көрсете алатын көмекшілермен қамтамасыз етілуі керек. Ерекше қажеттіліктері бар балалар басқалармен тең дәрежеде мектепте табысқа жетуі тиіс. ПМПК консультациялары мүмкіндігі шектеулі балаларға олардың жолын кеспей, кәдімгі мектепке баруға көмектесуі керек.

 

«Жоғарыда айтылғандарды негізге ала отырып, біз ПМПК жұмысын реформалау және ПМПК қорытындысы мүгедектігі бар баланы жалпы білім беретін мектепке қабылдаудың іс жүзінде міндетті шарты болмайтынына көз жеткізу қажет деп есептейміз. ПМПК жұмысы баланың жалпы білім беретін мектепте білім алуы үшін талап етілетін қолдау нысандарын анықтауға бағытталуы керек», — деп түйіндеді сөзін Ажар Сағандықова.

 

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×