Now Reading
Жоғары оқу орындарына түсу кезінде қандай квоталар белгіленеді
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Жоғары оқу орындарына түсу кезінде қандай квоталар белгіленеді

Жоғары оқу орындарына түсу кезінде қандай квоталар белгіленеді

Оқу-ағарту министрлігі «Жоғары білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдауға арналған қабылдау квотасының мөлшерін бекіту туралы» бұйрық жобасын әзірледі.

 

Жобаға сәйкес, бекітілген мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша ЖОО-ға оқуға қабылдау үшін қабылдау квотасының мөлшері:

 

1.бiрiншi немесе екiншi топтағы мүгедектігі бар жандар, бала кезiнен мүгедектігі бар жандар, мүгедектігі бар балалар арасынан шыққан азаматтарға — 1%;

2.басқа мемлекеттердің аумағындағы соғыс қимылдарының ардагерлері, Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне жеңілдіктер бойынша теңестірілген ардагерлер – 0,5 %;

3.ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын білім беру бағдарламалары бойынша оқу үшін ауыл жастары арасынан шыққан азаматтар – 35 %;

4.Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар – 4 %;

5.жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, сондай-ақ кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарынан Қазақстан Республикасының азаматтарына – 1 %;

6.Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын өңірлерге ауыл жастары арасынан қоныс аударатын Қазақстан Республикасының азаматтарына – 5 %;

7.төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар отбасы балалары – 5%;

8.кемінде үш жыл осындай мәртебесі бар толық емес отбасылардың балалары – 1%;

9.бала кезінен мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасы балалары, бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар жандар – 1%.

 

Жоба 2023 жылдың 15 мамырына дейін қоғамдық талқылауда.

 

Бұл ретте қазіргі уақытта Үкіметтің 2012 жылғы 28 ақпандағы қаулысымен бекітілген Жоғары оқу орындарына, колледждерге және кәсіптік мектептерге түсуге квотаның жалпы мөлшері қолданылады.

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
0
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.