Now Reading
Қазақстандықтарға мүгедектік және асыраушысынан айырылу бойынша қанша жәрдемақы төленді
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Қазақстандықтарға мүгедектік және асыраушысынан айырылу бойынша қанша жәрдемақы төленді

Қазақстандықтарға мүгедектік және асыраушысынан айырылу бойынша қанша жәрдемақы төленді

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл басынан бері қазақстандықтарға мүгедектігі және асыраушысынан айырылуы бойынша жәрдемақы мен әлеуметтік жәрдемақы түрінде қанша ақша төленгенін айтып берді.

 

Еңбек министрлігінің мәліметінше, жыл басынан бері мүгедектігі және асыраушысынан айырылуы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды (МӘЖ) төлеуге республикалық бюджеттен шамамен 291 млрд теңге бөлінді. Сонымен қатар, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) мүгедектік және асыраушысынан айырылу бойынша 35,9 млрд теңгеге жуық әлеуметтік төлемдер төленді.

 

«2023 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алатындар саны шамамен 536,9 мың адамды, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша – 186,7 мыңға жуық адамды құрайды», — делінген хабарламада.

 

Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері мүгедектіктің тобына және себебіне, сондай-ақ тиісті қаржы жылына «Республикалық бюджет туралы» заңда белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейіне байланысты.

 

Асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері қайтыс болған асыраушысының асырауындағылардың санына, қайтыс болу себебіне және ең төменгі күнкөріс деңгейіне байланысты.

 

«Сонымен бірге, 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің ұлғаюына байланысты 8,5 пайызға өсті. 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап Әлеуметтік кодекстің күшіне енуіне байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мөлшері орта есеппен 14,5 пайызға қосымша индекстелді», — деп хабарлады Еңбек министрлігі.

 

1 шілдеден бастап жалпы аурудан мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мөлшері 1-топқа 89248 теңге, 2-топқа 71398 теңге, 3-топқа 48681 теңгені құрайды.

 

Сонымен қатар, әлеуметтік тәуекелдер туындаған жағдайда міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлемдер алады. 1 тамыздағы жағдай бойынша 93,7 мың адам мүгедектігі бойынша, 60,6 мыңға жуық отбасы асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік жәрдемақы алды.

 

1 тамыздағы жағдай бойынша мүгедектік бойынша әлеуметтік төлемдердің орташа мөлшері – 44 967 теңге, асыраушысынан айырылу бойынша – 49 592 теңге.

 

 

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×