Now Reading
Елордалық автобустарда жолақыны 8 мобильді қосымша арқылы төлеуге болады
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Елордалық автобустарда жолақыны 8 мобильді қосымша арқылы төлеуге болады

Елордалық автобустарда жолақыны 8 мобильді қосымша арқылы төлеуге болады

Жолақы төлемдерін Beeline, Теле2 және Алтел операторларының мобильдік қосымшалары арқылы төлеу қолжетімді болды, — деп City Transportation Systems баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып «Қазақпарат» агенттігі хабарлайды.

Осылайша, QR-кодты сканерлеу арқылы автобустағы жол ақысын мына мобильді қосымшалар арқылы төлеуге болады:

— «Kaspi.kz»

— «Homebank»

— «Tolem»

— «Менің Activ»

— «Kcell»

— «Менің Beeline»

— «Теле2 Қазақстан»

— «Altel»

Жол ақысын көлік картасымен де төлеуге болады. Картаны мамандандырылған кассалар мен RTVM-автоматтарынан сатып алуға болады. Кассалар мен RTVM-автоматтарының мекенжайларын Transcard.kz сайтынан және CTS-қосымшасынан көруге болады.

Жол жүру ақысы автобусқа кіреберісте төленетінін еске салды. Жолаушыларды түсіру алдыңғы есіктен басқа барлық есіктер арқылы, ал жолаушылард автобусқа отырғызу — тек алдыңғы есік арқылы жүзеге асырылатыны хабарланды.

Кезектен тыс отырғызу құқығы мүмкіндігі шектеулі жандарға, зейнеткерлерге, жүкті әйелдерге, мектеп жасына дейінгі балалары бар жолаушыларға ғана беріледі.

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...