Жолақы төлемдерін Beeline, Теле2 және Алтел операторларының мобильдік қосымшалары арқылы төлеу қолжетімді болды, — деп City Transportation Systems баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып «Қазақпарат» агенттігі хабарлайды.
Осылайша, QR-кодты сканерлеу арқылы автобустағы жол ақысын мына мобильді қосымшалар арқылы төлеуге болады:
— «Kaspi.kz»
— «Homebank»
— «Tolem»
— «Менің Activ»
— «Kcell»
— «Менің Beeline»
— «Теле2 Қазақстан»
— «Altel»
Жол ақысын көлік картасымен де төлеуге болады. Картаны мамандандырылған кассалар мен RTVM-автоматтарынан сатып алуға болады. Кассалар мен RTVM-автоматтарының мекенжайларын Transcard.kz сайтынан және CTS-қосымшасынан көруге болады.
Жол жүру ақысы автобусқа кіреберісте төленетінін еске салды. Жолаушыларды түсіру алдыңғы есіктен басқа барлық есіктер арқылы, ал жолаушылард автобусқа отырғызу — тек алдыңғы есік арқылы жүзеге асырылатыны хабарланды.
Кезектен тыс отырғызу құқығы мүмкіндігі шектеулі жандарға, зейнеткерлерге, жүкті әйелдерге, мектеп жасына дейінгі балалары бар жолаушыларға ғана беріледі.