Now Reading
Қазақстандық паражүзушілер Германияда өткен чемпионатта Азия рекордын орнатты
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Қазақстандық паражүзушілер Германияда өткен чемпионатта Азия рекордын орнатты

Қазақстандық паражүзушілер Германияда өткен чемпионатта Азия рекордын орнатты

Қазақстандық спортшылар Германиядағы жарыста Азия рекордын орнатты. 

Берлинде әлемнің 50 елі қатысқан паражүзуден халықаралық чемпионат аяқталды.

Шолпан Найманбаева, тілші: 

— Бұл паражүзуден өтіп отырған Германияның 37-ші халықаралық чемпионаты. 4 күн қатарынан әлемнің түкпір-түкпірінен келген спортшылар үздік атағына таласуда. Жарысқа біздің команда да қатысуда. Қазақстан намысын 9 спортшы қорғап отыр. 

Биыл жарысқа 50 елден 400 паражүзуші қатысты. Бұл өз елдеріндегі ең мықты спортшылар, сондықтан бәсеке өте жоғары. Біздің спортшылар паражүзуден Германия халықаралық чемпионатының тұрақты қатысушылары. Әр жарыста спортшылар өз нәтижелерін жақсарта түседі. Биыл да солай болып отыр. Екі спортшымыз – Алина Дубинина мен Сергей Кинах Азия рекордын жаңарта алды. 

Алина Дубинина, ҚР паражүзу  құрамасының мүшесі: 

— Бұл жарыста мен 50 метрге арқамен жүзіп, 50 метрге брасс әдісімен жүзіп, Азия рекордын орнаттым. Мен үшін бұл үлкен жетістік. Жарыстың 1-ші күні қиын болды, 2-ші күні суды, қоршаған ортаны, өз күштеріңізді және мүмкіндіктеріңізді сезінесіз. Иә, біз әр қашықтықта нәтижені жақсарта білдік. 

Әмір Мұратбеков, паражүзуден ҚР құрамасының мүшесі: 

— Шынымен халықаралық жарыстарға алғаш рет бардым. Бұған дейін мен көп дайындалдым, армандадым. Толқу, қорқыныш, қуаныш, эмоциялардың небір түрлерін басымшан кештім. Бұл маған өте жақсы өнер көрсетуге және жақсы нәтиже көрсетуге және Қазақстанның күшті ел екенін көрсетуге мүмкіндік берді. 

Азия рекордтарынан бөлек, паражүзушілеріміз жарыста 9 медаль жеңіп алды. Командалық эстафеталарда да қазақтар көзге түсіп, күміс пен қола жүлдеге ие болды. Әр марапаттың артында тынымсыз еңбек пен күнделікті жаттығулар бар дейді жаттықтырушылар. 

Алина Синельникова, ҚР паражүзу құрамасының мүшесі: 

— Эстафетада қола жүлдеге қол жеткіздік. Бұл командалық жетістік. Маған өте ұнады. Маған командалық рух пен қолдау ұнады. Эстафета алдында бізді дайындаған жаттықтырушыларға, командаға, жігіттерге, барлығына үлкен рахмет. Біз қола медаль алдық, мен оған өте қуаныштымын.

Айдар Қартпаев, паражүзуден ҚР құрамасының бас бапкері:

 — Бұл жарыстар әлемдегі ең беделді жарыстардың бірі. Біздің спортшылар өте жақсы нәтиже көрсетті. Олар эстафеталық жүзуден жүлделі орындарды сарапқа салып, күміс және қола медальдерін жеңіп алды. Бұл 4х50 аралас эстафета және 4х100 аралас эстафеталары. Жеке біріншілікте 2 спортшымыз көрсеткен Азия рекордтары ең жоғары жетістіктердің бірі болып табылады. 

Спортшыларымыз алдағы жарыстарға дайындалуда, алда үлкен жарыстар бар. Күзде Қытайдың Ханчжоу қаласында Азия Паралимпиада ойындары өтеді, онда біздің құрама барынша 100% күш сынамақ. 

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×