Now Reading
«Қазақстан халқына» қорының басшысына әлеуметтік желіде балалардың еміне жиналып жататын қаражат туралы сұрақ қойылды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > «Қазақстан халқына» қорының басшысына әлеуметтік желіде балалардың еміне жиналып жататын қаражат туралы сұрақ қойылды

«Қазақстан халқына» қорының басшысына әлеуметтік желіде балалардың еміне жиналып жататын қаражат туралы сұрақ қойылды

«Қазақстан халқына» қоғамдық қорының төрағасы Болат Жәмішев неліктен қазақстандықтар арнайы қор болғанымен, әлеуметтік желілерде балаларды емдеуге қаражат жинау жалғастыруда деген сұраққа жауап берді.

Қордың мәліметінше бүгінде қазақстандықтар «Қазақстан халқына» қорына  155 миллиард теңгеден астам қаржы аударған.

«Елімізде қымбат емге мұқтаж балалар әлі де көп. Ал әлеуметтік желілерде балаларды емдеуге ақша жинайтындар азайған емес. Әлеуметтік желілердегі халық қол жайып ақша сұрамау үшін осындай қор құрылған жоқ па? Неге жағдай өзгермейді?» – деп сұрады журналист брифинг барысында.

Сұраққа жауап берген Болат Жәмішев  бағдарлама аясында сирек кездесетін аурулардан зардап шегетін науқастарды емдеуге және дәрі-дәрмек сатып алуға 30 миллиард теңге қарастырылғанын айтты.

Оның айтуынша бүгінде қор мемлекет сатып алмайтын 33 дәріні сатып алады.

«Бізде дәрі-дәрмекке мұқтаж адамдардың тізімі бар. Өткен жылы жеткізушілермен келісімшарт жасадық. Өткен жылы бұл жеткізушілерді елшілік арқылы шетелден іздестіру қиын болды. Биыл балаларды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бойынша жоспарлы жұмыстарды атқарып жатырмыз.

Біз балаларды шетелге жібереміз, қатерлі ісікке шалдыққан балаларды шетелге жіберу критерийлерін кеңейттік. Елімізде ай сайын бірнеше бала шетелге емделуге кетеді. Бүгінде біз 245 баланы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудеміз. Жыл соңына дейін бала саны артатыны сөзсіз. Өткен жылы барлығы 130 бала болса. Биыл 4 айдың өзінде адам саны 115-ке жеткен. Ал жыл соңына дейін одан да көп болады», — деп түсіндірді Болат Жәмішев.

Еске салайық 2022 жылдың қаңтарында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан халқына» қорын құруды тапсырған болатын. Президенттің айтуынша қор денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау салаларындағы нақты проблемалармен айналысады. 

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×