Астана қаласының Орталық саябағында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған жаңа тренажерлер орнатылды. Бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
Жаңа тренажерлердің көмегімен мүгедектігі бар жандар арбасында отырып, таза ауада оңалту жаттығуларын жасауға болады.
Атап айтқанда, саябақта мынадай тренажерлер пайда болды:
• аяқтарды қалпына келтіруге арналған тренажер;
• қолға арналған тренажер;
• Бубновский кроссовері.
Жаңа спорт алаңы Орталық саябақта, амфитеатр мен «The St. Regis Astana» қонақ үйінің арасында орналасқан.