Now Reading
Сәуір айында мүгедектігі бар қазақстандықтар қандай төлемдер алды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Сәуір айында мүгедектігі бар қазақстандықтар қандай төлемдер алды

Сәуір айында мүгедектігі бар қазақстандықтар қандай төлемдер алды

Қазақстанда 700 мыңнан астам мүгедектігі бар азамат тұрады. Еңбек министрлігінің мәліметінше, биылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша, олардың тек 533,1 мыңы ғана мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алған.

Олар төлемдердің көлеміне байланысты топтарға бөлінеді. Ең төменгі күнкөріс деңгейінің өсуіне байланысты жәрдемақылар да жыл сайын өзгеріп отырады. 2023 жылы бұл жәрдемақы 8,5%-ға өсті. Мысалы, 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап жалпы ауру бойынша мүгедектігі бірінші топтағы жандар мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы 77 889 теңге, екінші топтағылар үшін 62 068 теңге, үшінші топтағылар үшін 42 190 теңгені құрайды.

Сонымен қатар міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға (әлеуметтік аударымдар төленген жұмыс істейтін азаматтар) әлеуметтік тәуекелдер туындаған жағдайда әлеуметтік төлемдер Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘҚҚ) жүзеге асырылады. Мәселен биылғы жылдың төрт айының қорытындысы бойынша 89,3 мың адам мүгедектігі бойынша әлеуметтік жәрдемақы алды, бұл мүгедектігі бар жандарға да төленеді.

Оның мөлшері жеке есептеледі және соңғы екі жылда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар жүргізілген орташа айлық табысқа, мүгедектікке және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне байланысты. Бұл төлемдер республикалық бюджеттен төленетін мүгедектік бойынша жәрдемақыға қосымша төленеді. Олар жыл сайын индекстеледі. Биылғы жылдың басында өсім де 8,5 пайызды құрады. Бүгінгі күні мүгедектік бойынша әлеуметтік төлемдердің орташа мөлшері 33337 теңгені құрайды. Бұл ретте Қазақстанда мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны тағайындау толығымен автоматтандырылғаны есімізде. Егер әлеуетті алушы проактивті қызметке келіссе, ол бір жұмыс күні ішінде тағайындалады.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×