Now Reading
Қазақстандық мектептер зағип балаларды оқулықтармен қамтамасыз ете алмай отыр
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Қазақстандық мектептер зағип балаларды оқулықтармен қамтамасыз ете алмай отыр

Қазақстандық мектептер зағип балаларды оқулықтармен қамтамасыз ете алмай отыр

Жекелеген пәндер бойынша оқулықтарды кітапханалардан да, кітап дүкендерінен де кездестіру мүмкін емес. Өйткені елімізде Брайль әрпімен кітап шығаратын бір ғана орталық бар. Олардың мүмкіндігі жылына орта есеппен 30 оқулық шығаруға жетеді. Ал ресми статистика бойынша елімізде 3740 нашар көретін және 350-ден астам зағип бала бар.

6 жасар Дәулетханда туа біткен ауытқу – көру жүйкесінің гипоплазиясы бар.

«Мен оқығанды, жазғанды, ойнағанды, сурет салғанды ұнатамын. Ағылшын, орыс, қазақ тілдерін, жаратылыстану және дүниетану туралы кітаптарды оқығанды жақсы көремін. Болашақта ғарышкер болуды армандаймын. Мен мықты, батыл болғым келеді. Ақылды, жан-жақты болғым келеді, сол үшін көп оқимын. Маған түрлі энциклопедиялар жетіспейді», – дейді Дәулетхан Айжарық.

Дәулетханға энциклопедиялар немесе сыныптан тыс оқуға арналған әдебиеттер жетіспейді. Елдегі зағип балаларға арналған бастауыш сыныптардың барлығы бірдей проблеманы бастан кешуде. Жоғары сынып оқушылары үшін де оңай емес – іргелі жаратылыстану ғылымдарына арналған Брайль оқулықтары жоқ.

«Үшінші сыныптан бастап, 4, 6, 7-сыныптардан бастап бізде жаратылыстану циклі пәндері бойынша оқулықтар жетіспейді. Бұл біз үшін өте үлкен мәселе. Өз басым балаларға арнап сызбалар саламын, содан кейін бала оларды тактильді түрде көруі үшін контур бойымен стилуспен тікелей тесемін. Осылай қолдан келгенше балада бұл пән туралы түсінік болуына мүмкіндік жасауға тырысамын. Осылайша жағдайдан әртүрлі жолмен шығуға тырысамыз. Бастауыш сыныптарға арналған лекцияны қаламмен қолмен жасауға болады. Бірақ химиялық формулалар, адам анатомиясы және тарих картасын қолмен жасау екіталай. Жоғары сынып оқушылары үшін аудио сабақтар жазылады. №10 мектеп-гимназиясының базасында зағип және нашар көретін балаларға арналған бес сынып бар», — дейді №10 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Айгүл Қарымсақова.

Бұл елордадағы осындай балаларға арналған мамандандырылған іс-шаралармен айналысатын жалғыз оқу орны. Мұнда Көкшетау, Степногорск, тіпті Ақтаудан да балалар келеді. Ал Алматыда ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған оқулықтар шығаратын еліміздегі жалғыз орталық бар. 2017 жылдан бері біз зағип жандарға арналған 64 дана Брайль оқулығын әзірледік. Ал нашар көретіндер үшін үлкен әріпті 91 дана оқулық дайындадық. Орталық директоры Роза Сүлейменова мәселе оқулық тапшылығында емес, бұл мәселеге деген  көзқараста деп есептейді.

«Бюджет бар, ақша артылып жатса ғана арнайы мектептерге бөлінеді. Елмен қатар бөлінбей, соңында егер артылса деген ұстаным бар екені шындық. Қазақстанның 18 өңірінде жалпы білім беретін мектептерде 973 оқушы білім алуда. Олар қандай білім алуда? Осы жылдар ішінде бірде-бір жалпы білім беретін мектеп бірде-бір арнайы оқулық сатып алған жоқ. Қалай жағдай жасалуда? Инклюзив қайда? Олар ұзаса бір оқулық сатып ала алулары мүмкін. Сондықтан оқулық жоқ деулері ғажап емес. Оқулықтар бар. Әрине  барлығын бір жыл ішінде дайындау мүкін емес, өйткені бұл күрделі жұмыс, ауқымды ғылыми-әдістемелік жұмыс, әсіресе қазақ тіліндегі оқулықтар,  тиісті мамандар жоқ», — деді орталық директоры Роза Сүлейменова.

Қазақстанда зағип балаларға арналған кітап шығарумен небәрі 10 адам айналысады. Брайль редакторы Айнұр бір оқулықты 2 жарым күнде басып шығарады. Ол ең қиыны математика, алгебра, геометрия пәндерін тактильді әліпбиге көшіру екенін айтады. Бағдарлама мемлекеттік тілде болса ол тіптен күрделі мәселе.

Өйткені қазақ тіліндегі жалпы қабылданған Брайль символикасы басқа мағынада болуы мүмкін. Брайль оқулықтарын шығару – бір даналап отырып жасалатын жұмыс. Бір артық нүкте кетсе оқулық жарамсыз болып қалады. Өзіндік құны да өте жоғары. Қағаздың тығыздығы шаршы метрге кемінде 175 грамм болуы керек. Ал  офсет үшін 80 грамм жеткілікті.

Білім министрлігі үш ішінде зағип жандарға арналған қажеттік мектеп оқулықтары толығымен қамтамасыз етіледі деп уәде беруде. 2024-2026 жылдар аралығында химия, физика, география оқулықтарын шығару жоспарлануда. Биыл 28 оқулық дайындалуда.

Алматы орталығы физика оқулықтарын Брайль әрпіне аударуда тәжірибесі бар неміс мамандарымен келіссөздер жүргізуде. Неміс мамандары  қазақстандық әріптестерімен тәжірибе бөлісе алады.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×