Қазақстанда 1 шілдеден бастап жәрдемақының екі түрі бойынша әлеуметтік төлемдер өседі
Мүгедектігі бойынша әлеуметтік жәрдемақыны 92 мыңға жуық адам, асыраушысынан айрылу бойынша 61 мың отбасы жәрдемақы алады.
1 шілдеден бастап Қазақстанда мүгедектік және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемдер 14,5%-ға өседі.
2023 жылы 2 миллионнан астам қазақстандық отбасы әлеуметтік жәрдемақы алуда. Бұл мақсатқа 1,2 триллион теңге бөлінген.
Қазақстанда 4,2 миллионға жуық азамат түрлі әлеуметтік төлемдер алады. Оның 2,3 миллионы зейнеткерлер. 1,2 миллионға жуығы көп балалы отбасылар. 700 мыңға жуық адам мүмкіндігі шектеулі азаматтар. Бұл мәліметтерді Еңбек министрлігі өткен жылдың мамыр айында берген болатын. 2022 жылы қазақстандықтар бір жыл бұрынғыдан 30 пайызға артық әлеуметтік жәрдемақы алды. Төлемдердің жалпы сомасы 441 млрд теңгені құрады.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 29 наурызда Үкіметтің бірлескен отырысында ерекше қажеттіліктері бар қазақстандықтар үшін жәрдемақы көлемін 14,5 пайызға арттыруды тапсырды. Аз қамтылған азаматтарға берілетін жәрдемақы 4,5 пайызға өседі. Тоқаев халықтың әлеуметтік осал топтарына көмек атаулы болуы керектігін атап өтті. Ал өз бетімен ақша табуға мүмкіндігі бар азаматтар мемлекет көмегін күтпеуі керек.