Now Reading
Аза тұту күні: Қазақстандағы тулар жартылай түсірілді
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Аза тұту күні: Қазақстандағы тулар жартылай түсірілді

Аза тұту күні: Қазақстандағы тулар жартылай түсірілді

Қасым-Жомарт Тоқаев 12 маусымды жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады. Аза тұту белгісі ретінде еліміздің түкпір-түкпірінде, соның ішінде елдегі ең үлкен тулар жартылай түсірілді.

Туды түсірудің басталу уақыты: 11 маусым 23:59. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік ту тұғыр ұзындығының жартысына төмен түсіріледі.

Еліміздің бас туы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері алаңында, Қабанбай батыр даңғылы мен Қорғалжын тас жолының қиылысында, 100 метр биіктікте орналасқан. Мемлекеттік рәміздің салмағы 100 келі, ауданы 450 шаршы метр. Ол алғаш рет 2009 жылы көтерілді.

«Мен сіздер мұқтаждық тартпас үшін барымды саламын» — деп Тоқаев қайтыс болған инспектордың әйеліне жауап берді

«13 маусым күні сағат 00:00-де ту әдеттегі биіктікке көтеріледі», — деп атап өтті Астанадағы Нұра ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Еске салайық Абай ауданындағы орман өрті салдарынан 14 адам қаза тапты. Өңірде өртке қарсы күрес жалғасуда.

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...